«Тұғыры биік тәуелсіздік» атты іс-шара
7.12.2022 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың биохимия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының және Жалпы медицина-1 мектебінің 2 курс (ЖМ21-027, 033, 022, 013, 016, 023 топтары) студенттерінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғыры биік тәуелсіздік» тақырыбына іс-шара өткізілді. Іс-шараға Университетіміздің тәрбие жұмысы бөлімі мен ЖММ-1 деканат ұжымы шақырылды.
«Тұғыры биік тәуелсіздік» атты іс-шараның мақсаты – Қазақ тарихының түрлі кезеңдеріне шолу жасап, тәуелсіздік жетістіктерін көрсетіп, аталмыш күннің маңызын аша отырып, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін шыңдау.
Университетіміздің тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы С.К.Махмутовқа болашақ дәрігерлерге өз өмірінен естеліктерді баяндай келіп, студенттерге ақ тілегін білдірді.
Іс-шараны биохимия кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі С.С.Жакыпбекова «Тәуелсіздік – халқымыздың басына қонған бақ. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың аңсап кеткен, біздің қолымыз жеткен Ұлы мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Осы егемендігімізді сақтап қалу үшін жастардың тәрбиелі әрі білімді болуы міндетті» деген ізгі тілектерімен ашып берді. Доценттер- А.Есімжан, Р.С.Досымбекова құттықтау тілектерін айтты.
Тәрбие сағатында «Тәуелсіздік алғанға дейінгі еліміздің тарихына шолу» бейнематериалы, «Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктер» тақырыбына презентация көрсетілді. Атаулы тарихи күннің құрметіне орай ҚазҰМУ-дың ЖММ-1 студенттері күй тарту, ән айту, би билеу, өлең оқу, көрініс қою, хор айту сияқты өз өнерлерін көрсетті. Студенттер «Қайратты тергеу сәті» көрінісін қойды, «Алға, Қазақстан!» флешмобын биледі, “Көк тудың желбірегені” атты хорды орындады.
Іс-шара барысында қабырға газеттерінің байқауы өткізілді, «Тәуелсіздік күні туралы не білесіз?» сөзжұмбағы жасырылды, белсенді түрде ат салысқан студенттерге шағын сыйлықтар үлестірілді.