Тәлімгерлер Кеңесі өтті
2026 жылғы 29 қаңтар күні №7 оқу ғимаратының №9 аудиториясында Тәлімгерлер Кеңесінің отырысы өтті. Кеңес жұмысы екі негізгі мәселені қамтыды.
Бірінші мәселе – оқу жылының бірінші жартыжылдықтағы мектептер мен факультеттердегі тәрбие жұмысының қорытынды есебі.
Аталған мәселе бойынша тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарлары баяндама жасады. Халықаралық факультеттен Төлегенова Шаттық, Стоматология мектебінен Алма Сайпудинқызы, Педиатрия мектебінен Вильнара Нурдаулетовна, Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінен Бейсенбинова Жанат Бекмуханбетовна 2025–2026 оқу жылының 1-жартыжылдығы бойынша атқарылған тәрбие жұмыстарының есептік таныстырылымдарын ұсынды.
Екінші мәселе – тәлімгерлерге арналған «Тәлімгерлердің өзара әдіс алмасуы» тақырыбындағы семинар-тренинг (суицидтің алдын алу бойынша).
Семинарды Коммуникативті дағдылар кафедрасының профессор ассистенттері Кудайбергенова Айжан Жаканбаевна және Жаканова Тоты Аманкасовна өткізді. Семинар барысында тәлімгерлердің коммуникативті құзыреттілігін арттыру, студенттермен тиімді жұмыс жүргізу және суицидтің алдын алу бағытындағы тәжірибелер талқыланды.
Кеңес жұмысына қатысқан қызметкерлер, кафедра оқытшылары мен деканат өкілдері өзара тәжірибе алмасып, ұсыныстарын білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша алдағы тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары айқындалды.









