Төрегелді Шармановтың туған күніне орай ҚазҰМУ кафедрасына есімі берілді
Бүгін, 19 қазан, академик Төрегелді Шармановтың туған күніне орай Қазақ тағамтану академиясында оның құрметіне арналған еске алу шарасы өтті. Бұл жиын академияның 50 жылдығы мен ҚазҰМУ-дың «Нутрициология» кафедрасының 30 жылдығымен де байланысты болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
Шара барысында Төрегелді Шармановтың отандық денсаулық сақтау саласына қосқан орасан зор үлесі атап өтілді. Оның еңбектері үшін оған «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы және тұрақты басшысы Төрегелді Шарманов өмірін ұлт денсаулығына арнады.