«Уақытты басқару. Үнемді білім» тақырыбындағы семинар тренинг
С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ базасында Teachhub үлкен жобасы аясында 2024 жылдың 24 қыркүйегінде университеттің мектеп/факультет декандары, құрылымдық бөлімше басшылары үшін «Уақытты басқару. Үнемді білім» тақырыбында семинар трениг өткізілді.
Үнемді өндіріс-бұл операциялық қызметті үздіксіз жақсарту жүйесін құру, мұндай жүйені құру арнайы корпоративті мәдениетті қалыптастыруды, арнайы ұйымдастырушылық жағдайларды және операциялық тиімділікті үнемі арттыруға бағытталған бизнес-процестердің арнайы тобын құруды талап етеді. Үздіксіз жетілдіру жүйесі жапондық «Кайдзен» тұжырымдамасына негізделген. Тұжырымдама бағытталған ішкі және сыртқы тұтынушылар үшін құндылық құру және университеттің бизнес-процестеріндегі әр түрлі шығындарды үнемі анықтау және жою.
Семинар тренингтің басты идеясы-кәсіби құзыреттілікті арттыру және уақытты тиімді басқару бойынша практикалық дағдыларды дамыту.
Семинар тренингті медицина ғылымдарының докторы, іскерлік әкімшілендіру магистрі, проректор Калматаева Жанна Амантаевна жүргізді.
Семинар тренингке университеттің 34 қызметкері қатысты.