Университеттік «Ақсай» балалар клиникасындағы қайырымдылық іс-шарасы
2015 жылдың 15 қараша күні «Жалпы медицина» факультеті Студенттік Үкіметінің ұйымдастыруымен, республикалық «Ақсай» балалар клиникалық ауруханасында «Балаларға күлкі сыйлайық» қайырымдылық іс-шарасын өткізді.Іс-шараның негізгі мақсаты:университеттік клиниканың кішкентай пациенттеріне рухани және әлеуметтік көмек беру,болашақ дәрігерлердің бойындағы адамгершілік қасиетін арттыру.
Іс-шара барысында,Студенттік Үкімет белсенділері балалармен түрлі ойындар ойнап,бірге қосылып ән айтып,би билеп,бар өнерлерін ортаға салды.Қазақстанның түпкірінен жиналған балалар бір отбасыдай болып,ауруларын жеңуде.
Іс-шара соңында,арнайы плакаттарға балалар өз армандарың жазып, университетке, студенттерге деген жылы лебіздерін білдірді.Кішкентай бүлдіршіндердің ең басты арманы, ауруынан тезірек айығып,өз қатарластарымен бірге болу екен.
Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту бөлімі