ҚазҰМУ-дың Кәсіподақ комитеті Төрағасының сайлауы өтті
20-шы ақпан күні ҚазҰМУ-дың Кәсіподақ комитеті Төрағасының сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша ҚазҰМУ-дың Кәсіподақ комитеті Төрағасы болып ҚазҰМУ-дың психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасының меңгерушісі Алтынбеков Сагат Абулкаирович тағайындалды.
Кәсіподақ комитетін төрағалық еткен Датхаев Убайдилла ҚазҰМУ-дың стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалуына байланысты төраға өкілеттілігін тоқтатты.
Еске сала кетсек, Датхаев Убайдилла 2008 жылдан бері ҚазҰМУ-дың Кәсіподақ комитетін басқарып келген болатын.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі