Университетті когалдандыруға атсалысамыз
Химия кафедрасының оқытушылары көктемгі ағаш отырғызу мезгілін пайдалана отырып, Университетті когалдандыруға атсалысу іс-шарасын ұйымдастырып, 5 сәуір 2024 жылы университет аумағына ағаш отырғызды.
Шараның мақсаты игі іске бастамашы болыу, қоршаған ортаны қорғап,
онымен үйлесімді өмір сүру дағдысын қалыптастыру. Когалданган көрікті университет ауласын құруға атсалысу.
Жасыл өсімдік жамылғылары жер беті тіршілігінің тірегі десек артық айтбаған болар едік. Ғалам шарымыздағы орман жамылғыларының аздығына қарамастан адам баласының игілігі үшін орманды алқаптар өлшеусіз пайда беріп келеді. Осы қажеттілікті ерте түсінген халқымыз «атаңнан мал қалғанша тал қалсын» – деп ағаш отырғызуды бір ауыз сөзбен ұрпаққа аманаттап кеткен сияқты.
Ағаштар текқана тұрмыстық материал үшін емес, қоршаған ортаны қорғауда маңызы зор. Ағаш жамылғылары ауаны тазартып, ылғалды сақтайды, желің және күн сәулесінің әсерінен болатын жер қыртысының тозуын баяулатады. Қалалы жерлерде автокөліктерден бөлінген көмір қышқыл газын сіміріп оттегін бөледі, және олардан шыққан шуылды тосып, адамдар үшін жәйлі, көркем, тыныш демалыс аумақтарын қалптастырады. Олай болса университет аумағына ағаш отырғызу, жанға жәйлі үйрену ортасын қалыптастырудың ең тиімді тәсілі болмақ.
Университеттің когалдануы сапалы білім, саналы тәрибе алушылар үшін саялы орта болмақ. Таза, тыныш, көркем орта студенттердің білім алуына пайдалы. Олай болса осы істелуі қарапайым, берері мол, берекелі істің ары қарай жалғасын табуы керек деп ойлаймын