Университетішілік гранттар аясындағы «Ауыл жастарының мегаполис жағдайына бейімделуі» жобасы
Университетішілік гранттар аясындағы «Ауыл жастарының мегаполис жағдайына бейімделуі» жобасы
Университетішілік гранттар аясында Студенттік ғылыми қоғамның белсенді студенттері «Ауыл жастарының мегаполис жағдайына бейімделуі» атты әлеуметтік жоба жүргізуде, жобаның негізгі мақсаты ауыл жастарының үлкен қалаға келгенде туындайтын негізгі мәселелерін анықтап,жүзеге асатын профилактикалық іс- шараларды дайындау. Жоба аясында жастармен келесі бағыттар бойынша белсенді жұмыс жасауды қарастырады:
- Әр түрлі жастағы тұрғындардың репродуктивті денсаулық жағдайы мен мәселелері туралы медициналық-әлеуметтік зерттеулерді дайындау және жүргізу;
- Ұйымдастырылған ұжымдарда (орта және жоғары оқу орындары) бозбала мен бойжеткенге арналған жыныс жолдары арқылы жұғатын АИВ және ЖИТС инфекциялары және жасанды түсіктің алдын алу, гигиеналық оқыту және жыныстық тәрбие жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар дайындау;
- Тұрғындар арасында салауатты өмір сүру салтын ұстану, азаматтардың жыныстық тәрбие мәдениетін көтеру және репродуктивті денсаулықтарын сақтауға жауапкершіліктерін арттыру мақсатында репродуктивті денсаулықты нығайту үшін медицина қызметкерлерінің ақпараттық және біліктілік қызметін арттыру.
Жоба аясында 28 қазан 2015 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 1 курс студенттерімен семинар-тренинг өткізілді. ҚазМҚПУ-нің студенттері тақырып бойынша белсенді қатысып, тренинг өткізушілерге сұрақтарын қойды. Семинар аяғында барлық қатысушыларға «Байер» компаниясының тарату материалдары ұсынылды. ҚазМҚПУ-нің студенттері және әкімшілігі атынан тренинг өткізуші ҚазҰМУ-нің студенттеріне алғыстарын білдірді.