Университет белсенділерімен кездесу
2018 жылдың 28 мамырында сағат 17:00-де университетіміздің «кіші конференц залында» Университеттің Студенттік Үкіметі белсенділерімен Стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректор Датхаев Убайдилла Махамбетұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, ұлттар достастығы мен татуластығының жастар үшін маңыздылығы, ақпараттық технология және инновациялық даму заманында университет білім алушыларының келешегі, белсенді студенттердің терроризм және экстремистік саяси ұйымдарға қарсы күрес жүргізудегі рөлі мәселелері талқыланған болатын.
Кездесу соңында Убайдилла Махамбетұлы 2017-2018 оқу жылында белсенді қызмет атқарған барлық студенттік ұйым төрағаларына алғыс хат табыстап, алдағы жұмыстарында сәттілік тіледі.