Фармацевтикалык өндіріс технологиясы мамандығының 2 курс студенттері тәжірибе алмасу мақсатында ҚазҰУ-да болып қайтты
Фармацевтикалык өндіріс технологиясы мамандығының 2 курс студенттері ФӨТ18-004-2к және ФӨТ18-003-2к «Фармациялық өндірістің негізгі аппараттары мен процесстері» пәні бойынша тәжірибе алмасу мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (www.kaznu.kz) химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасында болып қайтты. Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен аппараттары пәнінің дәріскері, доцент, х.ғ.к. Ешова Ж.Т. студенттерге теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында, қолданылатын қондырғылардың жұмыс істеу принциптерін көрсетті. Студенттер дистилляция үдерістері, гидродинамикалық бөлу əдістері жəне жалған сұйылу гидравликасы тақырыптары бойынша зертханалық жұмыстардың қондырғыларымен танысты.
Сонымен қатар гетерогенді жүйені бөлуге арналған аппарат макеттерімен танысып, тұндыру процессі ауырлық күші көмегімен, сүзу процессі қысымдар айырымының күші көмегімен жүзеге асатынына студенттердің көзі жетті. Алайда осы екеуіне қарағанда ортадан тепкіш күштің әсерімен жүрген үдеріс әлдеқайда тиімді екенін, жалған сұйылту қабатын гидравликалық зерттеуде қолданатын есептеулер мен әдістерді де атап өтті.
Өндіріс – ол ел экономикасының тірегі. Сондықтан фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы қандай маңызды екенін айтып, Қазақстанның өндіріс болашағы біздің қолымызда деген, студенттерге мотивация берілді.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/фармацевтикалык-өндіріс-технологияс/