«ФАРМАЦИЯ МЕН СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА» атты ХIV-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Сізді 27 қараша 2025 жылы «ФАРМАЦИЯ МЕН СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА» атты ХIV-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Фармация мектебі мен стоматология мектебінің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы бірлесіп өткізіледі және білім, ғылым, бизнес және өндіріс өкілдерінің кездесуіне арналған алаң болып табылады.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ:
– фармацевтикалық және стоматологиялық қызметтің ұйымдастырушылық-экономикалық, реттеуші мәселелері және дәрілік заттар нарығына маркетингтік зерттеулер жүргізу;
– стоматологияның, клиникалық фармацияның, фармакология мен клиникалық фармакологияның өзекті мәселелері;
– дәрілік заттар, медициналық бұйымдар, парафармацевтикалық өнімдер мен космецевтика өнімдерін өндірудің заманауи технологиялары;
– стоматологиядағы, денталдық имплантология мен жақ-бет хирургиясындағы жаңа технологиялар;
– дәрілік заттар мен биологиялық белсенді заттардың сапасын бақылау және стандарттау;
– дәрілік заттарды жасаудың теориялық және практикалық негіздері: жаңа дәрілік заттарды іздестіру кезеңдері және оларды әзірлеу процестері;
– заманауи университеттер тұжырымдамасы аясында фармацевтикалық және стоматологиялық сала мамандарын даярлау;
– жасанды интеллекттің фармацевтикалық және стоматологиялық ғылымда, білім беруде және бизнесте қолданылуы.
Конференция қатысушыларының мақалалары электрондық мақалалар жинағында жарияланады.
Халықаралық конференция аралас форматта өтеді:
бетпе-бет / онлайн бейнеконференция режимінде.
Конференцияның негізгі мақсаты – фармацевтикалық және стоматологиялық медицина салаларындағы білім беру, ғылыми-зерттеу және практикалық мәселелер бойынша коммуникацияны дамыту.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін өтінімнің тіркеу нысанын мына сілтеме бойынша толтыру қажет: https://forms.gle/JLmuiX4Gy51PzLBm6.
Тіркеу өтінімдерін, тезистерді және ғылыми мақалаларды қабылдау мерзімі – 2025 жылдың 10 қарашасына дейін (қоса алғанда).
Конференцияның пленарлық отырысы Фитотека конференц-залында (4-оқу ғимараты) өткізіледі деп жоспарлануда.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы,
050012, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі, 151
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» КЕАҚ, Фармация мектебі және Стоматология мектебі: фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы; фармацевтикалық технология кафедрасы; инженерлік пәндер және тиісті практика кафедрасы; фармация және клиникалық фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономика кафедрасы; ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасы; биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасы; химия кафедрасы; балалар стоматологиясы кафедрасы; ортопедиялық стоматология кафедрасы; хирургиялық стоматология кафедрасы; терапевтік стоматология кафедрасы; ортодонтия кафедрасы.
ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРДЫ РЕСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ
Ғылыми мақалалар «ФАРМАЦИЯ МЕН СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА» атты XIV-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағында жарияланады.
Ғылыми мақалалардың мәтіндері ұйымдастыру комитетінің техникалық хатшыларына сілтеме бойынша ұсынылуы тиіс: https://forms.gle/JLmuiX4Gy51PzLBm6
– Хамитова Акжонас Ермековна, электронды нұсқада келесі мекен жайға: [email protected]. Ұялы тел.: 87024363952, (фармация секциясы).
– Төлегенқызы Айгерім, электронды нұсқада келесі мекен жайға: [email protected]. Ұялы тел.: 87074642804, (фармация секциясы).
– Кенже Мадина, электронды нұсқада келесі мекен жайға: [email protected] Ұялы тел.: 8-702-167-66-56 (стоматология секциясы).
Ғылыми мақалаларды дайындау
Ғылыми мақалалар орыс, ағылшын немесе қазақ тілдерінде қабылданады (А4 форматы), жоғарғы, төменгі және оң жақ жиектері – 2,0 см; сол жақ жиегі – 2,2 см, тақырыбы кіші әріптермен, парақтың бір жағындағы мәтін.
Компьютерлік теру: 5 беттен кем емес (ғылыми мақалалар үшін) 1,0 аралықта, қаріп өлшемі – 14 pt, теру форматы – WORD құжаты 6, 7, 8, 9 немесе 10 нұсқалары немесе rtf. Тек Times New Roman қаріпін пайдаланыңыз.
Қажетті құжаттар тізімі мыналардан тұрады:
– ғылыми мақала (жұмыстың бірегейлігі кемінде 70%), плагиатқа қарсы сертификат қоса беріледі;
– тіркеу өтінімі.
Ғылыми мақаланы рәсімдеу үлгісі
ӘӨЖ
БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫҢ КӨЗІ РЕТІНДЕ ТӨРТ БӨЛІМДІ РОДИОЛАНЫ (RHODIOLA QUADRIFIDA) ЗЕРТТЕУ
мед. ғ. канд., доцент И. И. Иванов фарм. ғ. д-ры, проф. О. Л. Петров
С.Ж. Асфендияров атындағы «Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Түйіндеме (орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде): 50 сөзден аспауы керек. Кілт сөздер Түпнұсқа зерттеудің (байқаулардың немесе эксперименттердің) нәтижелерін қамтитын түйіндемеден кейін (орыс, қазақ немесе ағылшын тілдерінде) келтірілген мақала мәтіні бөлімдерге бөлінеді: Мәселенің өзектілігі Зерттеудің мақсаты Зерттеудің әдістері мен материалдары Нәтижені талқылау Қорытынды
Пайдаланылған дереккөздердің тізімі
1.Иванов А.В., Сидоров Г.А. Актуальные проблемы механизации АП // Сельский механизатор. – 2008. – Т. 1, № 1. – С.33-36.
«ФАРМАЦИЯ МЕН СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА« XIV –ші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ұйымдастыру комитеті: Төраға: 1. А.К. Бошкаева – фарм, ғ.докторы, қауымдастырылған профессор, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, Фармация мектебінің ғылыми комитетінің төрайымы; Төрағаның орынбасары: 2. Г.Т. Ермұханова – м.ғ.д. балалар жасындағы стоматология кафедрасының профессоры; 3. К.К. Қожанова – фармацевтика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, инженерлік пәндер және тиісті тәжірибелер кафедрасының меңгерушісі; 4. Г.М. Саякова – фармацевтика ғылымдарының кандидаты, профессор, ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі; 5. Ғ.С. Ибадуллаева – PhD, қауымдастырылған профессор, фармацевтикалық технология кафедрасының профессоры; 6. А.Ш. Амирханова – PhD, фармацевтикалық технология кафедрасының доценті; 7. Э.А. Серикбаева – PhD, фармация және клиникалық фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономика кафедрасының доценті; 8. А.С. Қожамжарова – химия ғылымдарының кандидаты, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры; 9. А.К. Қалдыбаева – химия ғылымдарының кандидаты, ғылыми атағы жоқ фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры; 10. З.Е. Ибрагимова – фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының профессор ассистенті; 11. Н.С. Пушкарская – фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ассистенті; 12. А.Д. Масакбаев – техника ғылымдарының магистрі, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ассистенті; 13. С. Жаңабайқызы – техника ғылымдарының магистрі, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ассистенті; 14. А.А. Караубаева – органикалық химиялық технология (ОХТ) магистрі, инженерлік пәндер және тиісті тәжірибелер кафедрасының профессор ассистенті; 15. А.Е. Хамитова – медицина ғылымдарының магистрі, ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасының лекторы; 16. М.А. Алдашева – м.ғ.д., профессор, терапевтік стоматология кафедрасының меңгерушісі; 17. Г.С. Стабаева – м.ғ.к., хирургиялық стоматология кафедрасының қауымдастырылған профессоры; 18. Т.М. Сухочева – терапевтік стоматология кафедрасының қауымдастырылған профессоры; 19. Б.Ж. Нысанова – ортопедиялық стоматология кафедрасының қауымдастырылған профессоры; 21. А.Б. Балабай – балалар стоматологиясы кафедрасының ассистенті. Фармация мектебінің хатшысы: 22. Ә. Төлегенқызы, техника ғылымдарының магистрі, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ассистенті. |
Стоматология мектебінің хатшысы:
- Кенже Мадина – балалар стоматологиясы кафедрасының магистранты.