ХАБАРЛАМА
Құрметті университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы!
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ ректордың 21.02.2022 жылғы №77 бұйрығы негізінде медицина және денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге Университетішілік гранттар конкурсын өткізу туралы хабарлайды.
Басым бағыттар:
Медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар аурулардың диагностикасы.
Дербестендірілген медицинаны дамыту үшін әлеуметтік маңызды ауруларды емдеу.
Аурулардың алдын алу және эпидемиологиясы.
SARS CoV-2 (COVID-19) диагностикасы, емі және алдын-алуы.
Өтінімдер Конкурстық құжаттамаға сәйкес рәсімделеді. Ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру мерзімі – 1-3 жыл.
Өтінімді қабылдаудың соңғы мерзімі 28 наурыз 2022 жыл, сағат 14.00-ге дейін.
Өтінімді рәсімдеу бойынша анықтамалар алу үшін байланыс телефондары: 3387090, ішкі 7095, 7132.