ХАБАРЛАМА С.Ж. Асфендияров» атындағы ҚазҰМУ КЕАҚ жанындағы әскери кафедраға түсу үшін іріктеу конкурсының басталғандығы жайлы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығының
2 тармағы негізінде С.Ж. Асфендияров» атындағы ҚазҰМУ КЕАҚ жанындағы әскери кафедраға түсу үшін іріктеу конкурсының басталғандығы жайлы
Конкурсқа қатысу үшін, конкурс өткізу жылында жасы 24 тен аспаған Жалпы медицина мектебінің, Стоматология мектебінің және Халықаралық факультеттің (тек Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын студенттері үшін) 2 курс оқып жатқан студенттеріне қатысуға рұқсат беріледі.
Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар «Қабылдау Жоспарына» сәйкес бірінші (4-жылдық оқумен) және екінші (5 – жылдық оқумен) курс студенттері қабылданады. Оқу мерзімі 2 жыл. (Оқу грант негізінде және де ақылы түрде).
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша Жалпы медицина, Стомотология, Педиатрия, Фармация, Қоғамдық денсаулық сақтау мектептерінің 1,2,3 курс студенттері үшін құжаттарды қабылдау ҚР ҚМ «Қабылдау Жоспарына» сәйкес университетімізге орын бөлінген жағдайда мөлшермен а.ж. сәуір айының 25 – нен бастап қабылдануы мүмкін. Қосымша ақпарат ұсынылатын болады.
Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуге конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:
- бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеге сәйкес медициналық куәландырудан өту (медициналық тексерісті тіркелген орын бойынша аудандардың қорғаныс істері басқармаларында өтеді);
- екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу (университет базасында өткізіледі);
- үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
- төртінші кезең – ЖЖООКБ* басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.
Құжаттар 2024 жылдың 26 ақпанынан бастап 31 мамырын қоса алғанда қабылданады.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Өтініш (әскери кафедрада беріледі және толтырылады);
- Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
- Ер балалар үшін тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы және көшірмесі);
- Көлемі 3*4 см 2 фотосурет;
- Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- Спорттық жетістіктерін (бар болған кезде) растайтын құжат;
- Студенттің ЖЖООКБ*-да нақты оқитындығы туралы факультет деканы қол қойған анықтама.
Қалған сұрақтар бойынша, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 9:00 ден 16:00 дейін әскери кафедраға III intro 139 кабинетке хабарласуларыңызға болады.
*-Жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейін білім беру мекемесі.