Хабарландыру
7М07201-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша «Парфюмерлік –косметикалық құралдар технологиясы» даярлау бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде 7М07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдаоламасы бойынша 2 курс магистранттары арасында ғылыми – зерттеу жұмысы шеңберінде 10 күндік ғылыми тағылымдамаға, Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университетіне (Ресей) конкурс жарияланады.
Тағылымдама С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қаражаты есебінен іске асырылады.
Магистранттарды іріктеу кезінде GPA және магистранттардың портфолиосы ескерілетін болады. Конкурсқа құжаттар магистратура және докторантура бөлімінде қабылданады. Магистранттарды іріктеу 03.10.2022-14.10.2022 жылдар аралығында өтеді. Конкурс нәтижелері бойынша шешім Фармация мектебі кеңесінің отырысында қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша магистратура және докторантура бөлімінің бас маманы Букабаева С.С. хабарласуға болады . Тел: +7 775 442 34 33