Халықаралық ынтымақтастық күнін атап өту
Химия кафедрасының оқытушылары Сарова Н.Б. Сыдыкова Айсауле, «Күшіміз бірлікте», тақырыбында 23 сәуір 2024 жылы ФӨТ 22-007қ, ФӨТ 22-008қ, ФӨТ 22-023қ топтарының студенттеріне тәрбие сағатын өткізіп, халықаралық ынтымақтастық күнін атап өтті. Шара аясында студенттерді бірлікке, ынтымақтастыққа шақыра отырып, Қазақ ұлтымен, Қазақстанға келіп мекенгдеген басқа ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
Тұрақтылықпен орнықтылық мемілекет дамуының алғы шарттарының бірі. Біз гүлденген, дамып өркендеген Қазақстан құруымыз үшін, қоғамды тұрақтылықпен орнықтылықпен қамтамасыз етуіміз керек. Бұл Қазақстан Республикасының азаматтарының ортақ міндеті.
Қазақстан көптеген ұлттардың бірлестігінен тұратын көпұлтты мемлекет. Соңғы мәліметтерде елімізді 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейтіні айтылуда. Бір елде осынша көп ұлт өмір сүрген соң бәріміздің арман мақсатымыз бір болуы керек. Бір мақсат, бір арманға, бір ниет, бір тілекте болғандағана жетеміз. Осыған орай Қазақстан халқының бірлігін нығайтатын көптеген игі бастамалар жүзеге асырылып, бірлік күні елімізде 1996 жылдан бастап жаңа тұрпатта атап өтілуде.
Тәрбие сағатында студенттер еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің қалыптасу тарихы және олардың елдің тәуелсіздігін нығайтудағы рөлі туралы білімдерін жетілдірді. Қазақ халқын ұйытқы еткен, берекелі қоғам құрудың маңыздылығын түсінді.