Халықаралық қарттар күні және Ұстаздар мерекесі аталынып өтті
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қашанда ізгіліктің белгісі. Осы бір адам бойындағы жақсы қасиетті жастардың бойына сіңіру ол біздің парызымыз.
Әл-Фараби бабамыз осыдан мың жыл бұрын айтып кеткендей, – «Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы» деген болатын. Бабаның асыл сөзіне шынында да терең үңілсеңіз қанша оқысаңыз да дұрыс тәлім-тәрбие алмай жақсы адам да, жақсы маман да бола алмайсыз.
Осы орайда, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да жастарға тәлімді тәрбие беруде үнемі ауқымды жұмыстар жүргізіліп, мерекелік іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Ондағы мақсат жастардың бойына адамдық асыл қасиеттерді сіңіру, халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу.
Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша 2019 жылдың 04 қазан күні университет қабырғасында үлкен дәрежеде Халықаралық қарттар күні және Ұстаздар мерекесі аталынып өтті. Мерекелік іс-шараның басы-қасында жүріп ұйымдастыру жұмысын атқарған ҚазҰМУ жергілікті жұмысшылар кәсіподағы, Мәдени-шығармашылық жобаларды іске асыру тобы, университеттің ардагерлер кеңесінің қызметкерлері болды. Мерекенің қатысушылары жағынан белсенділік танытқандар мектептер мен факультеттер, кәсіподақ мүшелері, Әскери кафедрасы,Тілдік пәндер кафедрасы.
Мерекелік іс-шараға 220-ға жуық арнайы шақырылған ардагерлер, сондай-ақ университетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттері қатысты.
Сол күні «Ұстазға тағзым» ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталған іс-шара «Concordia» театрындағы салтанатты жиын, мерекелік концертпен жалғасын тауып, артынша ардагерлер мен оқытушыларға ҚазҰМУ жергілікті жұмысшылар кәсіподағы атынан дайындалған мерекелік дастарханмен жалғасты. Театрда өткен мерекелік іс-шарада университетіміздің Стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректоры У.М.Датхаев және жоғары дәрежелі педиатр-дәрігер, м.ғ.д., корпоративтік хатшы Қ.Т.Омаров ардагерлер мен оқытушыларды мерекелерімен құттықтап сөз сөйледі. Ұстаздар мерекесіне орай, Жергілікті жұмысшылар кәсіподағы атынан кәсіподақ төрағасы С.А.Алтынбеков университет оқытушылары мен қызметкерлеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. Концерттік бағдарламаға университетіміздің вокал бойынша көркемөнерпаздар үйірмелерінің студенттері қатысты. Атап айтқанда: Педиатрия мектебінің 1-2 курс студенттері Б.Бекен, М.Сұлтанбай, ЖМ мектебінің 1 курс студенті М.Ізғалиева, Фармация мектебінің 1 курс студенттері Л.Мырзагалиева, Ұ.Баратовалар өз өнерлерін көрсетті. Университетіміздің мерекелік іс-шараларының жүргізушілері ЖМ мектебінің 2 курс студенті А.Әбдікалымов және ХМФ 3 курс студенті А.Кадырова қатысты.
Сондай-ақ, концерттік бағдарламада кәсіби әншілер мен бишілер де өнер көрсетті. Концерттік бағдарламаны көрермендер өте жылы қабылдады.
Ардагерлерге сонымен қатар мерекеге байланысты сыйлықтар табысталды.
Мереке соңында ардагерлер университет әкімшілігіне, ұйымдастырушыларға осындай мерекелерде бір жасап қалатындықтарын айтып, ризашылықтарын білдіріп жатты.
Ойымызды қорыта келе, осындай жасалынып жатқан игі істер адамдарға жақсы көңіл күй, сыйласымдылық, ізеттілік сыйлап, ал өскелең ұрпақ тәлім-тәрбие алып, сабақтастық алумен жалғасын табады.
Мәдени-шығармашылық жобаларды іске асыру тобының жетекшісі С.А.Апсаттарова
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/халықаралық-қарттар-күні-және-ұстазд/