«Медицинадағы коммуникативтік дағдылар, психология мен әлеуметтік жұмыстың өзекті мәселелері: Теориядан практикаға дейін» атты халықаралық конференция
«С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Халықаралық қатысумен өтетін жыл сайынғы VI конференция
«МЕДИЦИНАДАҒЫ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАР, ПСИХОЛОГИЯ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ:
ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА ДЕЙІН»
2019 жыл, 27-28 қыркүйек
Ұйымдастырушылар: «ҚазҰМУ» КеАҚ, коммуникативтік дағдылар кафедрасы
Мекен-жайы: Алматы қ., Жамақаев к-сі 99, акт залы
1 – күн: 27 қыркүйек 2019 ж.
Конференцияға қатысушыларды тіркеу: 09.00 – 09.45
Пленарлық отырыс: 10: 00
Мастер-класстар презентациясы: 12: 00
Секциялық отырыстар: 13: 00-16:00
Мастер-класстар: 13.00-16.00
2 -күн: 28 қыркүйек 2019 ж.
Мастер-класс қатысушыларын тіркеу: 09.00-09.45
Мастер-класстар: 10.00- 13.00
Мақсаты: денсаулық сақтау мамандарын пациенттермен тиімді жұмыс істеудің практикалық тәсілдеріне үйрету.
Бағыттары:
- коммуникативтік дағдылар: конфликтсіз қарым-қатынас құру;
- медицинадағы психология: соматикалық пациенттермен жұмыс жасау кезіндегі психодиагностика мен психотехникалар;
- медицинадағы әлеуметтік жұмыс: әлеуметтік терапия тәсілдері.
Мастер-класстар тақырыптары:
* Соматикалық пациенттерді психокоррекциялаудағы өзін-өзі ұстай білу әдісі – «С.Ж.Асфендияров ат. ҚазҰМУ» КеАҚ, коммуникативтік дағдылар кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Асимов М.А.
* Социотерапия – әлеуметтік қызметкердің тәжірибесі – «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ, коммуникативтік дағдылар кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Асимов М.А.
* Суицидке бейім клиенттермен жұмыс істеу – «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ, коммуникативтік дағдылар кафедрасының доценті, м.ғ.к. Багиярова Ф.А.
* Қарым-қатынас шеберханасы – «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ, коммуникативтік дағдылар кафедрасының аға оқытушысы Кожамжарова К. О.
* Әлеуметтік маңызы бар аурулары бар науқастарды психологиялық қолдау – «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ, коммуникативтік дағдылар кафедрасының оқытушысы пс.ғ.к., Хусаинова И. Р.
* Жанжалды шешу формуласы – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КеАҚ, коммуникативтік дағдылар кафедрасының аға оқытушысы Құдайбергенова А.Ж.
* МК – қысқа мерзімді терапия әдістемесі (метафорикалық карталар) – «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ, коммуникативтік дағдылар кафедрасының ассистенті Давлетбакова А.Ш.
Конференцияға қатысуға ғалымдар, жоғары оқу орындарының, колледждердің, мектептердің оқытушылары, практикалық психологтар, медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, денсаулық сақтау ұйымдарының психологтары, докторанттар, магистранттар шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Материалдар 2019 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Конференцияға қатысу үшін қажет:
- конференцияға қатысуға өтініш жіберу (өтініш үлгісі 1-қосымшада берілген),
- баяндама мәтіні (баяндама мәтінін рәсімдеуге қойылатын талаптар 2-қосымшада берілген)
Конференцияға қатысу формасы:
Күндізгі конференцияға қатысу
- Конференция материалдарының жинағында жариялау
- Конференция қатысушысы сертификаты және жинақ
- Секцияларда баяндама жасау мүмкіндігі
- Конференция бағдарламасында көрсетілген мастер-класстарға қатысу
Конференцияға сырттай қатысу
- Конференция материалдарының жинағында жариялау
- Конференция қатысушысы сертификаты және жинақ
Конференцияға қатысу-тегін
- Конференцияға қатысу немесе сөз сөйлеу
- Мастер-класстарға қатысу
Жинақта жариялау – ұйымдастыру жарнасы
- Жарияланым үшін төлем сіздің конференцияға қатысуыңыз расталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Жұмыс бірлескен авторлықта орындалған жағдайда тек бір ғана ұйымдастыру жарнасы төленеді және конференция материалдарының бір ғана данасы мен бір ғана қатысушы сертификаты беріледі. Егер, бірлескен авторлардың бірі конференция материалдарын (сертификат) алғысы келсе, бұл жағдайда оның құны бөлек төленеді.
Жинақта жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 5000 теңгені құрайды.
Байланыс орнату:
Алматы қ., Жамақаев к-сі 99, «Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Медициналық Университеті » КеАҚ, коммуникативтік дағдылар кафедрасы, 113- кабинет.
Ұйымдастыру комитетінің төрайымы: коммуникативтік дағдылар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Багиярова Фатима Арыстановна.
Ұйымдастыру комитеті төрайымының орынбасары: коммуникативтік дағдылар кафедрасының ассистенті, магистр, психиатр Давлетбакова Алма Шакировна:
e-mail: [email protected]
тел.: +7 701 959 05 30
Ұйымдастыру комитетінің техникалық хатшысы: Абсатарова Гулбану Пернекуловна, магистр, коммуникативтік дағдылар кафедрасының аға оқытушысы:
тел.: 8 7011782572,
e-mail: [email protected]
1-қосымша
Конференцияға қатысу өтініші
Халықаралық қатысумен өтетін жыл сайынғы VI Республикалық конференция «МЕДИЦИНАДАҒЫ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАР, ПСИХОЛОГИЯ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ:
ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА ДЕЙІН»
Мекеме атауы: ______________________________________________________
Қатысушының толық аты-жөні: ___________________________________________________
Байланыс телефондары __________________________________________________________
E-mail: ________________________________________________________________________
Баяндама тақырыбы __________________________________________________________________
Қатысу формасы (күндізгі / сырттай / тегін): ________________________________________
2-қосымша
МАҚАЛАЛАР МЕН ТЕЗИСТЕРДІ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Мақалалар мен тезистер орыс, қазақ немесе ағылшын тілдерінде қабылданады.
Баяндамалар басылған мәтіннің бір данасымен қоса электронды нұсқада ұсынылуы тиіс. Мақала: А4 -212×297 мм форматында, шрифт Times New Roman, жиектері: сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, төменгі жағы – 20 мм, беттің нөмірі ортасында, төменгі жағында; жоларалық интервал – бір, шрифт өлшемі – 14 пт, шегініс 10 мм, теру форматы — WORD 6, 7 немесе 8 нұсқасы, немесе *.rtf.
Мақалалар мен тезистерде келесі ақпараттар болуы тиіс:
- парақтың сол жақ жоғарғы бөлігінде УДК басылады;
- бас әріптермен мақаланың атауы (жұмыс қандай да бір ғылыми жоба аясында орындалған жағдайда, ортасынан симметриялы түрде сандық түсіндірме беруге болады).
- келесі жолдың ортасына курсивпен – автордың тегі, аты және әкесінің аты толығымен (бірлескен авторлық болған жағдайда, әр автор үшін – алдымен тегі жазылады).
- келесі жолдың ортасына курсивпен – автордың лауазымы (студент, магистрант, докторант немесе қызметкер), ғылыми дәрежесі (атағы).
- келесі жолдың ортасында курсивпен – ЖОО-ның, қаланың және елдің толық атауы.
Мәтінде шаршы жақшада пайдаланылған әдебиетке сілтемелер беріледі. Мақала соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі қоса беріледі. Әдебиеттер тізімінен кейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қысқаша түйіндеме (40 сөзден артық емес) және негізгі сөздер (6 сөзден артық емес), сондай-ақ мақаланың атауы үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын); ТМД және алыс шет елдердің ғалымдары үшін – орыс және ағылшын тілдерінде болуы тиіс.
Баяндаманың негізгі мәтінінде қалың, курсивті және асты сызылған шрифтті пайдалану, сондай-ақ автоматты және мәжбүрлі тасымалдарды, жолдардың, беттердің мәжбүрлі үзілу белгілерін қолдану ұсынылмайды.
Мақала немесе тезис мәтіндері қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінің пунктуациясы мен стилистикасы ережелерін ескере отырып, мұқият редакциялануы тиіс.
Көлемі-6 бетке дейін.
Материалдар [email protected] электрондық поштасы арқылы бекітілген файл түрінде қабылданады «Тақырып» деген тұста «Конференцияға мақала» деп көрсетіп және барлық қажетті файлдарды тіркеу қажет. Бекітілген файлдарды қайта жіберу кезінде файлдарды бірінші автордың тегімен атау керек – өтініш – мақала – сурет 1 (Омаров-өтініш, Омаров-мақала, Омаров-сурет).
Жинақта бұрын жарияланбаған түпнұсқа мақалалар мен тезистер ұсынылуы тиіс. Мақаланың мазмұны мен ресімделуіне автор жауап береді.
Ұйымдастыру комитеті жоғарыда аталған талаптарға сай келмейтін мақалаларды немесе тезистерді басып шығарудан бас тартуға құқылы.
Қатысу шарттары
Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына (e-mail: [email protected]) мынадай материалдар:
- Мәтін талаптарға сәйкес ресімделген тезистерден тұрды.
- Белгіленген нысандағы автор туралы мәліметтер (бланк қоса беріледі).
- Ұйымдастыру жарнасы.
Өтінішді алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ұйымдастыру комитеті электрондық пошта арқылы авторға материалдарды алғаны туралы, олардың конференция талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері туралы хабарлама жібереді.
ДӘРІГЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
Омаров Ғабит Омарұлы
психология ғылымдарының кандидаты, доцент,
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ
Алматы қ., Қазақстан
Қазіргі жағдайда дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігін дамыту мәселесі бірінші кезектегі мәселе болып отыр …