Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің ажары – Ана мен Ару» мерекелік кеші
Құрметті С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ұжымының аяулы Арулары!
Сіздерді көктемнің ең нәзік әрі шуақты мерекесіне арналған «Әлемнің ажары – Ана мен Ару» атты мерекелік кешке шақырамыз!
Бұл кеш – сұлулық пен шабыттың, мейірім мен мерейдің мерекесі. Бағдарламада көтеріңкі көңіл күй, әсерлі сәттер мен ерекше тосынсыйлар ұсынылады.
Күні: 06 наурыз 2026 жыл
Уақыты: 14:00
Өтетін орны: «Concordia» театры
Көктемнің шуағын бірге қарсы алайық!



