Халықаралық WEB- конференция: Жедел ишемиялық инсульт кезіндегі эндоваскулярлы емдеу әдістері
Резиденттерді, магистранттарды, докторанттар мен кафедра қызметкерлерін 2016 жылдың 10 қарашасында сағат 11.00-12.00 аралығында университеттің кіші конференц-залында өтетін «3 rd International Symposium on Collaterals to the Brain» Халықаралық WEB- конференциясына шақырамыз. Аталмыш шарада жедел ишемиялық инсульт кезіндегі эндоваскулярлы емдеу әдісінің сұрақтары қарастырылады.
Аталған іс -шара С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ -нің « Neuroscience » ВИҒ Инновационды ғылыми мектебі (профессор Каменова С.У.) және World Stroke Organization, American Society of Neuroimaging. « Neuroscience » Research Building , Neurovascular Imaging Research Core (профессор David S. Liebeskind, MD, FAAN, FAHA, FANA Director. UCLA Vascular Neurology Residency Program) бірлескен жобалардың қолдауымен өткізіледі.
Онлайн режиміндегі дистанционды жаһандық интерактивті форумға 21 – ден аса мемлекеттер қатысады.