ҚазҰМУ-да хирургиялық дағдылар бойынша Қысқы мектеп ұйымдастырылды
Елімізде алғаш рет, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да КазМСА-ҚазҰМУ Жергілікті Комитетінің ұйымдастыруымен 15-18 ақпан күндері Хирургиялық дағдылар бойынша KazMSA Winter school (қысқы мектеп)өткізілді.
Мақсаты мен міндеті: бәсекеге қабілетті медицина жастарын даярлау, студенттердің бір-бірімен тәжірибелік алмасуын жолға қою және хирургиялық дағдыларды үйрету болып табылады.
2017 жылдың 15,16, 17 ақпанкүндері KazMSA Winter school-дың ашылу салтанаты өткізілді.Қысқы мектептежалпы хирургия кафедрасының ассистенті Т.А.Салихованың «Tігу және тігу материалдарының түрлері», Клиникалық анатомия және оперативті хирургия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Ы.А. Алмабаев «Хирургиялық жабдықтар негіздері және хирургиялық құралдармен таныстыру»тақырыбындағы дәрістер оқылып,болашақ кардиохирург Рахимов Архаттың «Кардиохирургия негіздері» атты мастер классына қатысты. Ол жерде ангиохирургияның жаңа методтары көрсетілді және студентттер өз қолдарымен қантамырларға тігіс салуды үйренді.
Сонымен қатар, Б.А. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицинаның ғылыми зерттеу институты, Тәжірибелікмедицина зертханасында жалпы хирургия мен клиникалық анатомия және операциялық хирургия кафедраларының оқытушылары Т.А. Салихова, Д.А. Әбілдаев және И.Р. Фахрадиев басшылығымен «Жұмсақ тіндерді ажырату ережелері, инфильтрациялық жанзысдандыру», «Ішек резекциясының әдістері және ішекке жыланкөз салу» бойынша тәжірибелік сабақтар мен жануарларға пульмонэктомия және лапораскопиялық холецистэктомия жасау әдістерін меңгерді.
KazMSA Winter school шарасының жабылу салтанатында клиникалық анатомия және операциялық хирургия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д.,профессор Ы.А. Алмабаев университетіміз мұғалімдері және студенттері тарапынан ашылған хирургиялық жаңалықтар туралы ақпарат берді және болашақ дәрігерлерге табыс тіледі. Екі топтың қатысушы студенттері өздері дайындаған баяндамаларын оқып, профессор және мұғалімдермен бірге талқылаумен іс шара жалғасты.Қатысушылар пікірі бойынша біздің университетте студенттердің хирургиялық дағдыларды меңгеруге толық мүмкіншілік бар екендігі атап айтылды.Шара соңында барлық қатысушы студенттер және қонақтар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ студенттері ұйымдастырушыларға алғыс ретінде сый тарту етті. Естелік суретпен аяқталған іс-шара болашақта тағы да жалғасын табуына сенімдіміз.
Хирургиялық дағдылар бойынша KazMSA Winter school ұйымдастыруда үлкен көмегін тигізген Тәрбие, әлеуметтік сұрақтар және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректор Р.Т. Джумашеваға, Студенттермен жұмыс жөніндегі басқармасының директоры Л.С. Шыңғысбаевқа, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ әкімшілігіне және студенттеріне, Жалпы Хирургия кафедра оқытушысы Т.А. Салиховаға,клиникалық анатомия және оперативті хирургия кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Ы.А. Алмабаевқа,сонымен қатар кафедра оқытушылары Д.А. Әбілдаевға, Астана Медицина Универстетінің студент интерны А. Рахимовқа, университетіміздің студенттік үкіметіне, Б.А. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми зерттеу институтынажәне оның кызметкері И.Р. Фахрадиевқа, Тәжірибелік Дағдылар Орталығына шексіз алғыс білдіреміз.
KazMSA Winter school шарасына Қ.А. Ясссауи атындағы ХҚТУ-дан 4 студент, ҚазҰМУ-дан 8 студент және Астана медицина университетінен интернатураның 6-курс студенті қатысты.