«ХХІ ғасыр академиясы: медициналық білім берудің, ғылым және практиканың алғы шебінде» атты халықаралық саммит
2023 жылдың 6-8 қыркүйегінде КЕАҚ «Астана медицина университеті» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен және Израильдің Ариэль университетімен бірлесе отырып, «ХХІ ғасыр академиясы: медициналық білім берудің, ғылым және практиканың алғы шебінде» атты халықаралық саммитін өткізді.
Саммитке әлемнің түкпір-түкпірінен университеттер мен ғылыми ұйымдардың академиялық жетекшілері мен ғалымдары жиналды, олар ХХІ ғасырдағы медициналық білімнің, ғылымның және практиканың жаһандық проблемалары мен міндеттерін шешуге бағытталған идеялармен бөлісті. Бұл осы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу, жаңа бастамаларды қалыптастыру, идеялармен алмасу және ынтымақтастықты нығайту мақсатында жүзеге асырылды.
Саммитте С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Жалпы медицина мектебі-1 атынан жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Битанова Э.Ж. «ҚазҰМУ өмір туралы ғылымдардың оқу-зерттеу зертханасы: құру тәжірибесі және пайдалану перспективалары» атты баяндама жасады.
Сондай-ақ Саммит аясында Жас ғалымдар форумы өтті, онда университетіміздің PhD докторанты Алима Серікжановна Муртазина «Бидай жасушалары дақылының полисахаридтерінің ісікке қарсы әлеуеті» атты баяндамасымен 3 орынды иеленді.
Муртазина Алима Серікжановнаны жеңісімен құттықтап, ғылыми қызметіне одан әрі табыс тілейміз.