Х.Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі академиялық адалдық кодексіне қол қойды
Х.Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің бағдарлық апталығы
Мектебіміздің 1 курс студенттеріне бір апталық бағдарлық апталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, азаматтарды сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністерімен бірлесе күресудің маңыздылығын насихаттауға бағытталған «Академиялық адалдық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында дәріс оқылды. Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі ерекшелігі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ерекше назар аудару. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингісін жүргізілген сауалнамалар арқылы шығарып отыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, талдау және жою. Сыбайлас жемқорлықтан бас тартуды қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаздар мен студенттерге білім және тәрбие беру бойынша арнайы шаралар іске асырылатын болады. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында жемқорлықтың алдын алу және жемқорлықпен күресу сияқты игі түсініктер қалыптасады. Аталған дәрісте былтырғы оқу жылында өткен келеңсіздіктер туралы мысалдар келтірілді.
2018-2019 оқу жылында ҚазҰМУ-дан академиялық адалдық кодексінің талаптарын бұзғаны үшін 15 студент оқудан шығарылды, 184 студенттің пәндер бойынша бағалары жойылып, оларға сөгіс жарияланды. 2019-2020 оқу жылында барлық мамандықтардың бірінші курс студенттеріне «Академиялық адалдық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» пәні енгізілгені туралы ақпарат берілді. Студенттер үшін аталмыш пән өте мазмұнды болды.
Бірінші курс мектеп студенттері бағдарлық апталығы аяқталған соң академиялық адалдықпен танысқандығы туралы құжатқа қол қойды.