визитинг-профессор, м.ғ.д Сулайманов Шайирбек Алибаевич ҚазҰМУ онлайн дәріс өткізді
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында» 2022 жылдың 21 ақпанынан 4 наурызға дейін м.ғ.д., профессор Сулайманов Шайирбек Алибаевичтың визитинг–профессор бағдарламасы басталды, ол «European Respiratory Society» (ERS) мүшесі болып саналады, «Педиатриялық респираторлық қоғам» Бүкілресейлік қоғамдық ұйымының мүшесі, Қырғызстандағы «Global asthma network» жобасының жетекшісі, НТП Қырғызстандағы «COVID-19» НТП ұйымдастырушысы, Б.Н. Ельцин (КРСУ) атындағы Қырғыз – Ресей Славян медициналық Университетінің педиатрия кафедрасының профессоры
Publications 3; h-index 4; Citations 6
Шайирбек Алибаевич Сулаймановтың визитинг–профессорлығы Педиатрия және Жалпы медицина мектептерінің 3 және 5 курс студенттерімен, сонымен қатар ҚазҰМУ оқытушыларымен және мамандандырылған медициналық ұйымдардың дәрігерлерімен дәрістер, семинарлар, әңгімелер онлайн форматында өткізіледі. Бұл шараға кез келген адам қатыса алады.
Студенттер мен университеттің оқытушылар құрамы Шайырбек Алибайұлының келесі тақырыптардағы авторлық дәрістерін тыңдайды: «Ерте жастағы балалардың пневмониясы», «Жаңа туылған нәрестелердегі тыныс алу жүйесінің зақымдануының семиотикасы және диагностикасы», «Балалардағы өкпенің интерстициальды зақымдануы», балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ студенттер арасындағы ілеспелі аурулардың және пост-ковидтік синдромның дамуының өзекті мәселелері бойынша.
Визитинг – профессордың бағдарламасы тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды, пікір алмасу орын алды, студенттер дәрістерді қызығушылықпен тыңдап, визитинг- профессорға сұрақтар қойды. Әсіресе, Қырғызстанның әртүрлі аймақтарынан келген студенттер арасындағы жаңа коронавирустық инфекцияның таралуы мен диагностикасы бойынша жүргізілген зерттеулер ерекше қызығушылық тудырды, сонымен қатар Б.Н. Ельцин атындағы КРСУ Педиатрия бойынша оқу бағдарламалары бойынша сұрақтар қойылды.
Дәрістер аяқталғаннан кейін аудиторияға шақырылған профессордың бағдарламасы туралы сұрақнама толтырылады. Сонымен қатар, орталық азия аймағындағы жастар арасындағы коронавирустық инфекцияның эпидемиологиясы, диагностикасы, емі бойынша жоспарлы бірлескен зерттеу (ҚазҰМУ НТП) аясында студенттер арасында сауалнама жүргізілуде.
Визитинг қорытындысы бойынша ҚазҰМУ балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы мен ҚРМУ педиатрия кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының бірлескен оқу-әдістемелік, ғылыми жұмысы бойынша бірқатар іс-шаралар өткізіледі.