Шетелдік студенттерге арналған «Заң және тәртіп аясында: шекаралық және көші-қон бақылауы, жұқпалы аурулар қауіпсіздігі мәселелері (Нипах вирусы)» атты профилактикалық кездесу
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті шетелдік студенттерге арналған «Заң және тәртіп аясында: шекаралық және көші-қон бақылауы, жұқпалы аурулар қауіпсіздігі мәселелері (Нипах вирусы)» атты профилактикалық кездесуге шақырады.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының көші-қон және шекара заңнамасы, шетелдік азаматтардың құқықтары мен міндеттері, виза режимі, тіркеу, уақытша тұру және еңбек қызметі мәселелері түсіндірілетін болады.
Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары, жұқпалы аурулардың, соның ішінде Нипах вирусының алдын алу жолдары туралы ақпарат ұсынылады.
Өтетін күні: 20 ақпан 2026 жыл
Уақыты: 16:00
Өтетін орны: Конкордия театры (Бөгенбай батыр көшесі, 151)
Барлық шетелдік студенттерді белсенді қатысуға шақырамыз!


