Шетел онкологтары өкпенің қатерлі ісігін емдеудің заманауи әдіс-тәсілдерін ұсынды
Елімізде жыл сайын төрт мыңға жуық адамнан өкпенің қатерлі ісігі анықталады. Алматыда өткен халықаралық конференцияда еліміздің және шетелдің білікті онкологтары кеселді дер кезінде анықтаудың, емдеудің заманауи әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай дертке негізінен шылым шегетін адамдар душар болады. Өкпе ісігі 40-60 жас аралығындағы еркектерде жиі кездеседі. Алайда кейінгі жылдары нәзік жандылар арасында да кең тарай бастаған. Күн сайын елімізде кемі 5,6 адам өкпе ісігінен көз жұмады. Ауруға шалдығу көрсеткіші бойынша еліміздің шығыс және солтүстік аймақтары мен Алматы қаласы алдыңғы қатарда тұр. Сондықтан дәрігерлер шылым шегу сияқты жаман әдеттен бас тартып, медициналық тексеруден тұрақты түрде өтіп тұру керек деп ескертеді.
Кәрібай Төлеутайұлы, Сәкен Нұғманов атындағы онкология кафедрасының профессоры:
— 22 пайызын сүт безі қатерлі ісігін құраса, 20 пайызын өкпе қатерлі ісі құрайды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Темекі тартуды шектеу керек. Мақсат — мектеп жасынан бастап осы мәселемен күресу.
Дереккөз: https://www.ktk.kz/kz/news/video/2025/04/08/293718/