«Шипагерлік баян» атты ғылыми конференция
2022 жылдың 15-сәуірі С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Даңқ» залында «Шипагерлік баян» – қазақ медицинасының теориялық негізі» атты ғылыми конференция өтеді.
Ғылыми кеңеске ғалымдар мен медицина мамандары және зерттеушілер мен өтейбойдақтанушылар, филологтар қатысады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ректоры Талғат Нұрғожин, фармацевтика ғылымының докторы-профессор Кеңесбай Үшбаев, фармация ғылымдарының докторы – Убайдолла Датқаев пен ҚазҰМУ фармация факультетінің деканы Зурияда Сакипова және дәрігер-терапевттер қатысып, баяндама жасап, сөз сөйлейді.
Конференция кезінде екі кітаптың тұсауы кесіледі. Оның бірі өтейбойдақтанушы-зерттеуші Шаяхмет Қали құрастырған «Шымыр ғылым – Шипагерлік баян» кітабы болса, екіншісі Шайтқазы Зейнелқазыұлының «Шипагерлік баянның медициналық философиясы» атты еңбегі.
Қазақ медицинасының атасы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы XV ғасырда өмір сүрген. Оның бізге жеткен «Шипагерлік баян» атты еңбегінде, ол кітапты Әз-Жәнібек ханның тапсырысы бойынша жазғанын, оны аяқтауға 15 жыл уақыты кеткенін, қасында Жиренше шешеннің болғаны туралы баяндайды. Өтейбойдақ өмірін медицинаға арнаған ғұлама. Тіпті, бас құрап, артына ұрпақ қалдырмаған жан. «Шипагерлік баян» бізге Өтейбойдақтың ағайын-туыстарының ұрпақтары арқылы жетіп отыр.
Ұйымдастырушы:
С.Ж.Асфендияров атындағы
Қазақ Ұлттық Медицина университеті
Ғылыми жиын сағат 10:00-де басталады.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Төле би – 94.