«Шымбұлақ тау-шаңғы курорты саяхатына дайындық және қауіпсіздік шаралары туралы» профилактикалық кездесу
Білім алушыларды дамыту және қолдау департаментінің кешенді жоспары негізінде 2026 жылдың 17 ақпан күні сағат 12:00-де №7 оқу ғимаратының №4 аудиториясында «Шымбұлақ тау-шаңғы курорты саяхатына дайындық және қауіпсіздік шаралары туралы» профилактикалық кездесу өтеді.
Кездесудің мақсаты – білім алушыларға қысқы демалыс барысында қауіпсіздік талаптарын түсіндіру, таулы аймақта өзін-өзі ұстау ережелерін таныстыру және ұйымдастырылған саяхатқа дайындық жұмыстарын нақтылау.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!
Қауіпсіздік – әрқайсымыз үшін маңызды.



