Экологиялық тәрбие бойынша жылдық есеп
Қазіргі таңда қоғамдық көзқарас тұрғысынан неғұрлым өзекті болып отырған экология проблемаларына назар аудару, жоғары оқу орындары мен мектептерде экологиялық білім беру, өскелең ұрпақты туған өлкенің экологиясына құрметпен қарауға тәрбиелеу қажеттігі туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінде бірнеше рет атап өтті. Алға қойылған міндеттің маңыздылығын түсіне отырып, республиканың білім беру ұйымдары белгілі бір деңгейде жұмыс жүргізуде.
Ғаламдық экологиялық проблема – ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық мәселелер кешені. Жай ғана, ауыз ауырып, жақ талғанша айтып қоя салатын нәрсе емес екенін бәріміз де білеміз. Тіпті бұл проблеманың адамзат үшін аса қауіптілігі сол, табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы секілді сұрықсыз көріністерге тап болуымыз ықтимал.
Сол себептенде еліміздің экологиялық ахуалы баршамызды алаңдататыны сөзсіз, соған сәйкес С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университеті де экологиялық ахуалды мәселелерді шешуде, және оны қалай жақсартуға болатынын бағамдап, студенттермен ортақ іс-шаралар жүргізуден кенде қалған емес.
- Мәселен, 21.10.2022ж сағат 15:00-де Биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасының ұйымдастыруымен «Экология және Біз» атты кураторлық сағат өтті.
- 02.2022ж сағат 16:00-де Университетіміздің «Мейірімді жүрек» студенттер ұйымының бастауымен «Экология және адам денсаулығы» атты іс-шара жүргізілді.
- 04.2022ж. сағат 10:00-де Жалпы Медицина мектебі мен Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ұйымдастыруымен «22-сәуір Халықаралық жер күніне» байланысты субботник өткізілді.
- 05.2022ж. сағат 15:00-де «Ауа көзге көрінбейді» атты тақырыпта Қоғамдық денсаулық мектебі дөңгелек үстел ұйымдастырып, ортаға пікірлерін салған болатын.
Экология – жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, «экология» пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/экологиялық-тәрбие-бойынша-жылдық-ес/