Эксперименттік медицина зертханасының базасында онлайн шеберлік сабағы өтті
Клиникалық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасының ұйымдастыруымен, Б.А. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының эксперименттік медицина зертханасының базасында студенттер мен интерндерге арналған шеберлік сабағы өтті.
Хирургиялық тігіс пен лапароскопия жөніндегі шеберлік сабағында студенттер мен интерндер хирург, медицина магистрі Т.А. Маметованың жетекшілігімен бірге зертханалық жануарларға оқшауланған ішекке гастростома мен эпицистома салу және ішектік анастомоз салу техникасы бойынша ота жасады.