«Эразмус +» жобасы аясында ағылшын тілінің қарқынды курсы басталады
2021 жылы 18 наурызда «Эразмус +» жобасы аясында «Денсаулық сақтау және қоршаған орта саласындағы магистрлік бағдарламаларды үйлестіру және өзара тану – HARMONEE» бағдарламасы аясында ағылшын тілінің қарқынды курсы басталады.
Сабақтарды тәжірибесі мол, халықаралық сертификат иегері жүргізеді. Бұл курстың мақсаты – зерттеушілердің шетел тілі арқылы кәсіби және ғылыми қызметке қабілеттерін дамыту.
Курс оқытушылар мен магистранттардың ағылшын тілін игеруін көздейді, және бұл келесі бағыттарда дамуға мүмкіндік береді:
- Тиісті білім саласындағы шетел тіліндегі түпнұсқа әдебиеттерді еркін оқуға;
- Шетел ғылыми әдеби көздерінен алынған ақпаратты аударма немесе түйіндеме түрінде ұйымдастыруга;
- Рецензияланған журналдарда шетел тілінде ғылыми мақала жазу;
- Ғылыми жұмысқа байланысты шетел тілінде хабарламалар, баяндамалар, презентациялар жасау және мамандық бойынша әңгіме жүргізу;
- Халықаралық конференцияларға, жобаларға және гранттарға қатысуға.
Оқу ақысыз және 4 айға созылады. Ағылшын тілінің қажетті деңгейі – Intermediate (B1). Курсты сәтті аяқтаған барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Өтініш беру үшін 2021 жылдың 15 наурызына дейін [email protected] электронды мекен-жайына түйіндеме (резюме) және ағылшын тілі деңгеіңізді жазып жіберу керек.
Анықтама үшін телефон – +7 (707) 235-35-75 (Абзал Жұмағали)