«Ізгілік елшісі» жобасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан – Ресей жастар ынтымақтастығы форумында 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялады. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, волонтерлік қызмет көрсету принципі бойынша – «Ізгілік елшісі» «Акселератор добра»: атты ауқымды қайрымдылық әлеуметтік жобасын таныстырды. Жобаның мақсаты халыққа құқықтық қызмет көрсету болып табылады. Сонымен қатар, осы жобаның жоспарларын талқылау мақсатында 24.02.2020ж. күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қолдауымен ұйымдастырылған «Волонтерлар съезіне» университетіміздің белсенді студенттері мен әкімшілік басқару қызметкерлері қатысты.