Ғабиден Мұстафиннің шығармашылығына арналған іс-шара туралы есебі
2017 жылдың 7 қараша күні Даңқ Залында, Х.Досмухамедов атындағы Қоғамдық Денсаулық сақтау мектебімен ұйымдастырылған Ғабиден Мұстафиннің шығармашылығына арналған іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасы және кураторлық топ жауапты болды.
Ғабиден Мұстафин – Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов сияқты қазақ әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі.
Іс-шараның мақсаты – Г.Мустафиннің шығармашылығы мен оның әдеби қызметі туралы студенттердің білімін кеңейту және тереңдету, әлемдік көзқарастың негіздерін қалыптастыру, әлеуметтік құбылыстарға қызығушылығын арттыру, патриотизм сезімін жоғарылату, қоғам өміріндегі адамның белсенді рөлін түсіндіру. Бұл іс-шараға қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің студенттері қатысты. Университеттің ғылыми кітапханасы осы іс-шараға арнайы кітап көрмесін жасап, ұйымдастыруға үлкен үлес қосты.
Соңында ректордың кеңесшісі Ж.Г. Мұстафина, факультет кафедраларының меңгерушілері сөз сөйледі.
Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Осы іс-шараға қатысқан студенттердің шығармалары мен шеберліктеріне көрермендер жақсы сапа берді.