Ғарышкер Айымбетов Айдын Ақанұлына ҚазҰМУ құрметті профессоры атағы берілді
Ғарышкер Айымбетов Айдын Ақанұлы ҚазҰМУ студенттері мен оқытушыларымен кездесті. Бірнеше сағатқа созылған тағлымды кеште Қазақстан Қаһарманына университеттің ерекше атағы берілді. Енді ғарышкердің марапаттар қоржынында тағы бір маңызды атақ – ҚазҰМУ Қоғамдық денсаулық мектебінің құрметті профессоры болмақ.
«Сізді құттықтағым келеді, біздің Сенаттың шешімімен Айдын Ақанұлы, медициналық ЖОО біздің университеттің құрметті профессоры атағы басқа мамандыққа берілгені сирек кездеседі. Сіз алғашқы адам боласыз. Сенат бірауыздан Университетіміздің Қоғамдық денсаулық мектебінің құрметті профессоры атағы берілуіне қолдау білдірді», – деп атап өтті ҚазҰМУ ректоры Т.Нұрғожин.
Ғарышкер Айдын Айымбетов университетке жоғары атақ бергені үшін алғыс айтып, медицина мамандығы қазіргі уақытта ең маңызды мамандық екенін ерекше атап өтті.