«Қадірлейік қарттарды»
«Қадірлейік қарттарды»
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне
Бірі күтіп, әнеки жағада тұр.
М. Мақатаев
Қариялардың азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында жеңіс туын желбіреткен, Қазақстанның өсіп өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік күн кешуіне өз үлестерін қосқан Ұлы Отан соғысынан аман оралған қарттарымыз бен тыл ардагерлері азайып барады емеспе?! Солардың жанымен, қанымен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін еңіреп жүріп жауды жеңіп, жеңіс туын желбіреткеніне 70 жыл толды. Осы 70 жылдыққа орай жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ақпан айынан бастап «Қадірлейік қарттарды»атты Алматы қаласы Алмалы ауданында тұратынардагер ата-апаларымызға материалдық, рухани көмек беру қайырымдылық іс шарасыбастау алған еді.Осы шараның аясында апта сайын студенттеріміз ардагерлерге барып, күнделікті үй жағдайына көмек қолын созып, рухани жағынан тілдесіп отырды. Бұл аталған іс-шара мамыр айының аяғына дейін жалғасып, оқу жылының соңы болғандықтан аяқталды. Осы жылдың қорытындысы ретіндеардагерлеріміз “Алғыс хатпен” марапатталып, күнделікті пайдаланатын қажеттітағамдық заттармен қамтылды.Сонымен қатар, белсенді студенттер Алмалы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбеков Зекен Уалханұлымен кездесіп, пікір алмасты.
«Ер есімі – ел есінде» демекші бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған ардагерлер ерлігі ешқашан ұмытылмайды.Бұл «Қадірлейік қарттарды» қайырымдылық іс шарасы ендігі жылы өз жалғасын табатын болады. Жасасын бізге бейбітшілік алып келген Ұлы Отан соғысының ардагерлері!!!
Жалпы медицина факультетінің
1 курс ЖМ14-006-1 топ старостасы
Нүсіпжан Таңшолпан