Қазақстандағы алғашқы медициналық стартап бизнес-инкубаторы Demoday ҚазҰМУ-да өтті
Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстандағы алғашқы медициналық стартап бизнес-инкубаторының Damodey аяқталды. Екінші қорытынды күні оқудан өтіп, өз идеяларын дайындаған үздік жобаның 10 авторы инвесторлар мен бизнес қолдаушыларының алдында сөз сөйледі.
Инвесторлардың көмегіне үміткерлер өз идеяларын алға тартты, олар элайнер өндірісі – тістеуді түзетуге арналған жеке ауыз қуысы, аллергиямен ауыратындарға арналған мұрын сүзгілері, витаминдік балшырындар – маңызды витаминдердің тәуліктік дозасы бар сусын, аутизммен ауыратын балаларға арналған бірегей түскі ас қорабы, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы, нано-күміс негізіндегі тері ауруларын емдеуге арналған емдік-косметикалық өнім және және басқа жобалар.
Бизнес қолдаушылары мен инвесторлар стартаптардың дайындығын жоғары бағалап, жобалардың құндылығы мен инвестициялық тартымдылығын түсіну үшін сұрақтар қойды, сонымен қатар болашақ кәсіпкерлермен құнды кеңестермен бөлісті.
«Әрдайым өз идеяларыңызға сеніңіздер, ешқашан күмәнданбаңыздар. Бір кәсіпкердің инвестор іздеудегі тәжірибесі туралы айтып бергені есімде, ол бір миллионермен кездесуде өз жобасын 128 рет ұсынған, 127 рет бас тартылды, дегенмен жобасы 128 рет қабылданды. Сіздерде өте тартымды жобалар мен идеялар бар, олар бірегей, бұл өте маңызды», – деді бизнес- періште AlmaU проректоры Кендрик Уайт.
Damodey ұйымдастырушылары – «Qaz Innovations» инновациялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ – инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты болып табылады. Qaz Innovations Қазақстан Республикасының технологиялық саясатын жүзеге асыру аясында бастамаларды қалыптастыруға, инновациялық гранттар беруге, бизнес-инкубаторларды қолдауға, инновациялық инфрақұрылымды (технологиялық платформалар, салалық технологиялық құзырет орталықтары, бизнес-инкубаторлар) және т.б. қатысады.
KazNMU Business Incubator С.Ж. Асфендияров атындағы медицина университетінің базасында құрылған. Бизнес-инкубаторлар қауымдастығының мүшесі болып табылады және студенттер мен стартап жобаларын дамытуға мүдделі барлық адамдарға арналған кешенді бизнес бағдарламаларын ұсынады.
Инкубациялық бағдарламалар қатысушыларға өз идеяларын дамытуға және оларды табысты өнімге айналдыруға көмектесуге бағытталған. Кез келген адам бизнес-инкубаторда оқудан өтіп, өз идеясын нақты бизнес-жоспарға енгізіп, инвестор таба алады!
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/қазақстандағы-алғашқы-медициналық-с/