ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАРҰРПАҚТАР ЕСІНДЕ!
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және голощекиндік ашаршылық құрбандарын Еске алу күні.
Ұлттық медицина университетінде «Жаңалық» елді мекенінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналып орнатылған ескерткіш басында болатын қаралы акцияға қатысып, гүл шоқтарын қою дәстүрге айналған. Қоғамдық ұйымдардың мәліметі бойынша бұл жерде қуғын-сүргінге ұшыраған 4500 аса адам жерленген.
Акцияға қатысушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің (Қазақстандағы (1916-1989жж.) қуғын-сүргін тарихы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу реквиемі, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы және оның қызметі) үш залдарында орналасқан тарихи-архивтік құжаттарға қызығушылық танытып зор толғаныспен танысты.
«Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамының бастамасымен шығарылған 9 томдық «Азалы кітабы» жайлы музейдің бөлім меңгерушісі Ғ. Әнес, С. Ходжикова түсініктеме берді.
Университет өз тарапынан мәдени-ағартушылық іс-шаралардан дерек беретін (40 экспонаттан астам) фото-сурет көрмесін ұйымдастырды. «Алаш Орданың Ұлы көсемдер дәуірі» бөлімінен алынған тағылымдық мағлұматтарға келушілер қызығушылықпен қарап, танысты.
Талғар аудандық ішкі саясат бөлімі мен музей қызметкерлері атаулы күнге ат салысқаны үшін университет қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
Қаралы акцияға белсенді қатысушылар: Этикалық кеңес (Мустафина Ж.), ғылыми кітапхана (Елеукенова С., Оңалбаева Г.), «Қазақстан тарихы және ӘГП» кафедрасы (Рсалдина Г., Чермуханбетов Е.), тәрбие бөлімі және білім алушыларды әлеуметтік қолдау бөлімі (Жармағанбет Р., Сеитова И.), фармация мектебінің 1 курс студенттері (Зорина А., Кенес А.).
«Саяси қуғын-сүргін мұңмен ой салатын ең басты оқиғалардың бірі. Бұл акцияға қатысып, ескерткішке гүл қою, музейдегі экспонаттар және оның қызметкерлерінің әңгімелері мен үшін үлкен әсер алған айтулы күндерімнің бірі – деп фармация мектебінің 1 курс студенті А. Зорина өз ойымен бөлісті.