«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазымен кездесу
2018 жылдың 07 ақпан күні жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, медицина ғылымдарының кандидаты, РМА ассоцияланған профессоры, Алматы қаласының қалалық кардиологиялық орталығының директоры Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлының Университет білім алушылары және профессор-оқытушылар құрамымен кездесуі болып өтті.
Кездесуге Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында А. Қодасбаев өз өмірінің баспалдақтары, жеткен жетістіктері және өзі басқарып отырған қалалық кардиологиялық орталығы жайында бейнеролик арқылы көрсетіп, толық мағлұмат берді.
Университеттің білім алушылары сыйлы қонағымыздың мамандығы, отбасы жайлы өздерін қызықтырған сұрақтарына толықтай жауап алды.
«Ибн Синаның (Авиценна): «Дәрігерде үш қару бар: сөз, өсімдік, пышақ» нақыл сөзін келтіре отырып, білім алушыларға сәттілік тіледі.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Ақылымен, қолымен, дарынымен замануи Қазақстанды жасап жатқан тұлғаларды қоғамға таныту аясында өткен білім алушылармен кездесуі бәсекеге қабілетті, білімдар, болашақ дәрігерлерді қалыптастыру үшін мәні зор.
Жастар саясаты басқармасы