Еліміздің қалалары мен аудандарында қандай дәрігерлер жетіспеушілігі бар, қай облыста кадр тапшылығы басым және неліктен Алматы қаласы көптен бері бірінші рет медициналық қызметкерлерге қажеттілік бойынша алдыңғы қатарда тұр. Осы және тағы басқа мәселелер туралы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде жыл сайынғы медицина саласындағы ең ауқымды Бос орындар жәрмеңкесінде белгілі болады.
2024 жылдың 4 сәуірінде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстанның барлық облыстарынан қалалық және облыстық денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері еліміздің жетекші медициналық университетінің түлектеріне жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарын алға тарту үшін жиналады. Басқармалардың мәліметіне сәйкес бүгінде еліміздің медициналық кадрларға қажеттілігі 2 249 маманды құрайды. Республиканың облыстары мен қалаларында ең көп тапшы жалпы тәжірибелік дәрігерлер – 272 болса, жоғары білімді медбикелер екінші орында – 232, 157 жедел медициналық жәрдем маманы, 109 санитарлар және 89 педиатрлар. Сонымен қатар, көптен бері алғаш рет медициналық кадрларға қажеттіліктің ең көп тізімі Алматы қаласының ауруханаларында – 570, одан кейін Қарағанды облысында – 304, Жетісу – 286, Атырау облысы – 168 және Ақмола облысы – 153.
Биыл С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін 2376 студент тәмамдайды деп күтілуде, оның ішінде 570 резидент, 68 анестезиолог-реаниматолог, 56 терапевт, 35 педиатр бар. Биыл ҚазҰМУ 40 мамандық бойынша резиденттер бітіреді. 2376 студенттің ішінде грант негізінде білім алған 365 резидент, 468 бакалавр, 676 интерн, 73 магистрант және 26 докторант бар. 2021 жылдан бастап грантты өтеуге қойылатын талаптар жеңілдетілді. Түлектердің меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарында мемлекеттік грант бойынша жұмыс істеуге құқығы бар. Қызмет өткеру мерзімі мемлекеттік грант бойынша оқыған жылдар санына тең болады.
Жыл сайын Бос орындар жәрмеңкесінде жұмыс берушілер ҚазҰМУ түлектері үшін күресіп, жұмысқа орналасу бойынша ең жақсы ұсыныстарын ортаға салады. Өткен жылы облыстық аурухана өкілдері резидентура бітірушілеріне 500 мың теңгеге жуық еңбекақы ұсынды, сонымен қатар олар уақытша баспана беруге немесе баспана сатып алу үшін ақшалай өтемақы беруге дайын болды, сонымен қатар медицина мамандарының балаларын мектеп және балабақшамен қамту, отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру, біліктілігін арттыру курстарына ақы төлеу және басқа да жеңілдіктер қарастырылған.
ҚазҰМУ 2024 Бос орындар жәрмеңкесі 4 сәуірде сағат 10:00 Бөгенбай батыр көшесі, 151 (Concordia Concert Hall) мекен-жайында өтеді.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/қазақстанда-ең-көп-сұранысқа-ие-дәріг/