Қазақстандықтар бір мезетте тұмаудың үш түрін жұқтыруы мүмкін – инфекционист-маман
Белгілі қазақстандық жұқпалы аурулар жөніндегі маман Амангүл Дүйсенова адамдарды қаншалықты тұмауға қарсы екпемен қамтамасыз етуге болатынын айтып, сонымен қатар алдағы алты айда тұмау мен ЖРВИ-мен сырқаттанушылар туралы болжам жасады, деп хабарлайды zakon.kz.
Амангүл Дүйсенова академик Төрегелді Шармановтың 90 жылдығы мен Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің 90 жылдығын мерекелеу аясында өткен «COVID-19-ке қарсы күрестегі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда биылғы жылы қазақстандықтардың 3 түрлі жаңа тұмауды жұқтыруы мүмкін екенін және бұл денсаулық сақтау саласына түсетін ауыртпалықты едәуір арттыратынын айтты.
– Коинфекция болу қаупі жоққа шығарылмайды, яғни бір кезде екі немесе үш вирусты жұқтыру жайы. Сонымен қатар, 2020-21 жылдары шетелдерде тіркелген тұмау вирусының үш жаңа штаммы бойынша ауру күтілуде. COVID-19 пандемиясы кезіндегі тұмау мен ЖРВИ-дің белсенділік танытуы, әрине ол эпидемиялық жағдайдың күрт нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін. Зертханалардың жүктемесі артып, микс инфекция ПТР-тест индикаторларын анықтауда қиындықтар туғызуы ықтимал. Әсіресе, аралас инфекциялар кезінде, ауруханаларға шамадан тыс ауыртпалық артып, дәрі-дәрмектерге сұраныс жоғарылап, ауруханаға жатқызуды қажет ететін науқастардың саны өсіп, соның ішінде жан сақтау бөліміне, әрине ауыр формалардың, критикалық формалардың өлім-жітімінің көбеюі ықтимал, – деді профессор өзі жариялаған ықтимал сценарий болжамында.
Медицина ғылымдарының докторы Амангүл Дүйсенова тұмау мен осы инфекциядан туындаған асқынулардың салдарынан мемлекеттің экономикалық шығындары ондаған миллиард теңгені құрайтынын атап өтті.
– Жыл сайынғы шығын тек тұмау мен ЖРВИ кезінде 20 миллиард теңгені құрайды. Екпені Қазақстан Республикасы есебінен жүргізіледі, бірақ, өкінішке орай, оның қамту деңгейі төмен болып қалады, халықтың шамамен – 10-12% -ы ғана. Бұл халықтың негізгі бөлігінде тұмаудың жұқтыру қаупі жоғары екендігін көрсетеді. Тұмау емес вирустарға қарсы вакциналар жоқ, оны өздеріңіз білесіздер, – деп баса атап өтті маман.
Толығырақ: https://azh.kz/kz/news/view/49637