ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒАШҚЫ ПЛАСТИКАЛЫҚ ХИРУРГТАР ДИПЛОМ АЛДЫ – Қазақстан тарихында алғашқы пластикалық хирургтар ҚазҰМУ түлектері
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ел тарихында бірінші рет пластикалық хирургия бойынша резиденттерді оқытуды жүзеге асыруда. Еліміздегі бірегей кафедра ҚазҰМУ-да 2019 жылы ашылды. Кафедраның ашылуындағы мәселе танымал профильдегі білікті мамандардың жетіспеушілігі және сұлулық салондарында өзін-өзі оқытатын «дәрігерлердің» емес, эстетикалық, лазерлік және пластикалық процедураларды үйренген кәсіби дәрігерлердің нарыққа шығару болды.
Еліміздің жетекші медициналық жоғары оқу орны – С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қабырғасында болашақ пластикалық хирургтарды кәсіптік оқыту және тәлімгерлік кафедрасын ашу туралы шешім қабылданды. Оқыту Алматы мен Астана қалаларының үздік пластикалық хирургия және эстетикалық медицина клиникаларының базаларында жүргізіледі. Ал резиденттерге осы күрделі емдеу шараларын таяу және алыс шетелден шеберлерді шақырып, Қазақстаннандағы бұл саланың алғашқы мамандары үйретеді. Қазір кафедрада 23 резидент білім алуда, олардың алғашқы бесеуі толық білім беру циклынан өтті. Емтихан тапсырды, маман сертификатын алды және енді пластикалық хирургия бойынша толық көлемде қызмет етуге дайын. Резиденттер ҚазҰМУ-да дайындық кезінде тек пластикалық хирургияны ғана емес, сонымен қатар тігістерден бастап сүйек реконструкциясы мен эндоскопияға дейінгі жалпы хирургияны да игерді.
«Олар азиялық және еуропалық нарықта жұмыс істей алады. Науқастардың босанғаннан кейінгі кезеңдегі, онкологиядан кейінгі сүт бездерін қалпына келтіру, классикалық липосакция, Vaser-липосакцияна жасай алады. Мини және макси обдоминопластикамен, диастазды жою, кіндік грыжаларымен, күйіктен кейінгі асқынулармен жұмыс істейді. Яғни, олар заманауи пластикалық хирургқа қажетті барлық білімге ие, халықаралық деңгейге жетті. Түркия, Ресей мен Оңтүстік Кореядан келген мамандардан кем түспейді», – деді ҚазҰМУ пластикалық хирургия, эстетикалық медицина және лазерлік косметология кафедрасының меңгерушісі Леон Дерябин.
Биыл бітіруші 5 резиденттің барлығы Қазақстанның ең үздік клиникаларына жұмысқа орналастырылған. Бұл ретте айта кетерлігі, ҚазҰМУ түлектеріне жұмыс беруші жеке сектордан ғана емес, мемлекеттік сектордан да мамандарға кезек беріледі.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/қазақстандық-алғашқы-пластикалық-хи/