Қазақстанның ең көне медициналық ЖОО 2015 жылы 1290 медицина және фармация бакалаврын дайындады
Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 2015 жылы 1290 бакалаврды дайындап шығарды.
Түлектерді ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов құттықтады: «биыл бакалавриатты 1290 студент бітіріп жатыр, олар әлемнің 17 елінің перзенттері. Бірінші сатыны, яғни бакалавриат сатысын сендер сәтті өттіңдер. Бұл сендердің екінші жеңістерің. Медицина – бұл өмір бойы оқып-үйрену. Араларыңдағылардың көбісі интернатурада, магистратурада, резидентурада оқитын болады. Бүгін бұл сендердің медицина қызметкері мамандығы жолындағы алғашқы үлкен жеңістерің. Бұл университет – сендердің Альма Матерің. Университетіміздің құндылықтарын жадыңызда сақтаңыздар: халыққа қызмет ету, ұстазға тағзым, шаңырақтың абыройын сақтау, болашаққа ұмтылу. Мен сіздердің жаңа қадамдарыңызға сәттілік тілеймін. Проффесорлар-оқытушылар құрамының атынан да құттықтаймын және жарқын болашақ тілеймін. Ақ жол, түлектер!».
Ең көп – 835 маман ең үлкен болып саналатын «Жалпы медицина» факультетінде дайындалды. Олардың 192-сі ерекше үлгідегі диплом иегері болып табылады. «Жалпы медицина» факультетінің негізі 2007 жылы қаланды. Қазір оны Рахима Джумашева басқаруда. Факультеттің құрамында 22 кафедра бар. Қазақстан ЖОО-ң Ұлттық рейтингінде ҚазҰМУ-ң жалпы медицина мамандығы еліміздің барлық медициналық ЖОО ішінде 1-орынға ие. Қазір факультетте 89 ғылым докторы, 179 ғылым кандидаты, 1 – РhD жұмыс істейді. Соңғы 3 жыл ішінде 14 кандидаттық, 3 докторлық диссертация қорғалды. Мұнда барлығы шамамен бес мың студент білім алуда.
ҚазҰМУ-ң ең үлкен факультетінің түлектерінің ішінде келесі студенттер бар – Ректор шәкіртақысының иегерлері Хисамутдинов Наиль, Сағымбаева Анель, Бораш Дина, Қуантай Эльмира, Серманизова Ақжарқын, Смагина Ирина, Абдрахманова Амина; ҚР Тұңғыш Президенті қорының шәкіртақы иегері Дауитова Жадыра, «Бірлік» Университтік Шағын Ассамблеясының төрағасы Ризаев Рафаэль; курс көшбасшылары – Жұманазаров Асқар, Аймырзаұлы Асқар, Шалабаева Салтанат, Шыныбаева Назым, Өсімбай Асел, Болат Арайлым, Тоғайбек Таншолпан, Вансинвина Мадина, Ажимова Шолпан, Сакенова Гаухар, Жұмабай, Ляззат, Солтангулов Арман, Заманбеков Асқар.
Университеттің ғылыми жұмысына қатысқан түлектер: Долаев Жарас, Есмуратова Махаббат, Бахытжанова Гулжан, Шаймерденова Гулбану, Хайрушева Данира
Сондай-ақ, түлектер арасында – бразилиялық джиу джитсу бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері Бариев Бекир, әртүрлі спорт түрлерінің шеберлері: Шубина Анна, Дуанқанов Заңғар, Көлбаева Гулмира, Варустин Елисей, Тлеуназаров Болат бар.
Дарынды түлектер: Адилова Ақбота, Ауезханова Назкен, Қозыбағар Серік, Серікқызы Лаура, Шлиязданов Азимбек, Өтеген Арман, Данияров Жомарт, Наметкерим Жазира, Қалыш Марал, Азизаева Қарлығаш.
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Үздік түлек-2015» болып Жалпы медицина факультетінің түлегі Хисамутдинов Наиль танылды, ол 12 астам ғылыми жарияланымдардың авторы, олимпидалардың, конкурстардың жеңімпазы, университеттің Студенттік ғылыми қоғамының Төрағасы, Ректор шәкіртақысының иегері.
Толқын Бекадилова басшылық етіп отырған қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің бакалавриат түлектерінің саны 137 адамды құрайды. Мұнда «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медициналық-профилактикалық іс» және «Менеджмент» мамандықтары бойынша мамандар дайындайды. 21 студент ерекше үлгідегі дипломның иегерлері. «Менеджмент» мамандығы бойынша 84 студент бакалавр деңгейін алды. Сондай-ақ 22 маман сырттай дайындалды. Факультет 1943 жылы қаланған. Оның құрамында 14 кафедра бар, мұнда 150 оқытушы қызмет істейді. Факультет мақтаныштары – академик Төрегелді Шарманов, профессорлар Котова Альбина Леоновна, Рамазанова Бахыт Аманулловна; Амиреев Сакен Амиреевич; Кенесариев Үсен Исмаилович, Камалиев Махсут Адильханович. Факультеттің үздік түлектері Аспандиярова Айкөркем, Баратова Мақпал, Нұрла Жаннұр, Мамырханова Асем, Өмірқұл Айгерім, Ахмедова Зебо, Қабылжанова Алина, Солтабаева Жансая, Ашимкулова Құралай, Койшугулова Айнұр, Копжасарова Маржан, Мырзалы Маржан, Рысбек Шолпан, Әбдікариев Асқар, Бақытжанова Гүлдана, Исаева Айкерім, Смагулова Ұлбазар, Тағаева Ақсауле, Бейсенбек Жансұлтан, Құмарова Мөлдір, Нұрлан Айжан.
ҚазҰМУ Фармацевтика факультетін биыл 127 бакалавр бітірді. Фармация факультеті «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша мамандар дайындаумен айналысады. 127 түлек дайындалды: «Фармация» мамандығы бойынша 92 және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша 35 маман дайындалды. 31 түлек ерекше үлгідегі диплом алды: Ғазизова Асыл, Тойғалиева Арайлым, Тағабаева Айдана, Букейханова Назым, Абдуллаева Камшат, Сметова Гаухар, Кусаинова Танерке, Сатдыкова Жансая, Кемелбекова Назерке, Салқымбек Назерке, Әділханов Нурбек, Беккожаева Акбота, Акылбек Айжан, Кудайбергенова Салиха, Майлина Айдана, Молдакаримова Меруерт, Мусабаева Сауле, Манасов Нурлен, Белгіжан Ақжан, Аблаева Линара, Альпиева Назым, Дуйсембекова Ильзана, Актаева Айым, Розиева Камиля, Сабитова Халима, Жусупова Жазира, Кабдолданова Алия, Калиев Ердан, Мухтарова Дана, Токтабекова Айжан, Сауржанова Мукарам, Ли Алина.
Факультетті Убайдулла Датхаев басқарады. Түлектер денсаулық сақтау жүйесінің барлық салаларында жұмыс істейді: дәрілік құралдардың өндірісіне инновациялар әзірлеу мен енгізуден бастап онымен Қазақстан халқын қамтамасыз етуге дейін. Ашылғаннан бастап факультет 8000 астам маман дайындады, олардың ішінде шетелдік студенттер де бар. ҚазҰМУ Фармацевтика факультетіне 3 рет «Жылдың үздік факультеті» номинациясы бойынша 1-ші орын, екі рет «Жылдың үздік департаменті», «Үздік модуль Фармацевт-фармакогнст 2015», «Теоретикалық кафедралардың үздік доценті 2013», «Теоретикалық кафедралардың үздік профессоры 2014» номинациялары берілген (факультет деканы Датхаев Убайдулла Мехамбетұлы).
1959 жылы республикада алғашқы болып негізі қаланған стоматология факультетінде білім алған 140 маман оқуды бітірді. Олардың 35-і қызыл диплом алды. Факультет деканы Бақанай Амантаев. Осында жұмыс атқару барысында жеті мыңнан астам студентті дайындады. Факультет мақтанышы болып табылатын профессорлар: Зазулевская Лидия Яковлевна, Уразалин Жақсылық Бекбатырович, Тулеуов Калдан Тулеуович, Русанов Владимир Петрович, Ибрагимова Роза Сафиуловна.
Стоматология факультетінің үздік студенттері – Исабекова Самал, Ишанов Искендер, Еркибаева Жамиля, Габит Айдана.
Олардың ішінде төртеуі ерекше үлгідегі дилом иегерлері: Койшыбаева Гульназ, Амзе Салтанат, Третьякова Дарья, Мугаева Зинфира.
Шетелдік студенттер деканаты 2015 жылы «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 51 бакалаврды дайындап шығарды. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 14 студент білім алып шықты. ЖОО-да 17 елдің өкілдері білім алып жатқанын еске саламыз.
Сондай-ақ, ЖОО-ң ең үздік бакалаврлары да аталып өтті. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Үздік түлек-2015» – жалпы медицина факультетінің түлегі Хисамутдинов Наиль болды. Ол 12 астам ғылыми жарияланымдардың авторы, олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазы, университеттің Студенттік ғылыми қоғамының төрағасы және Ректор шәкіртақысының иегері.
«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша үздік түлек Гүлназ Қойшыбаева болды.
Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің үздіктері деп танылғандар Маржан Мырзалы мен Нұрлан Айжан Нұрланқызы болды. Үздік бакалавр-стоматол Айдана Ғабит болды. Ал «Фармация» мамандығы бойынша үздік түлек – Алия Кабдоланова болды. «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша үздік бакалавр болып Алина Ли атанды.
ҚазҰМУ баспасөз қызметі