Қазақстан клиникалық фармакологтарының V конгресі: инновациялар, цифрландыру және заманауи медицинаның сын-қатерлеріне жауап
2025 жылғы 30 қазанда С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде халықаралық қатысумен өткен Қазақстан клиникалық фармакологтарының V конгресі өз жұмысын бастады.
Форумға Қазақстан мен шетелдің – АҚШ, Аустралия, Ресей, Беларусь, Қырғызстан елдерінің өкілдері, сондай-ақ еліміздің жетекші медицина жоғары оқу орындары, ғылыми институттары мен практикалық денсаулық сақтау саласының мамандары барлығы 500-ден астам қатысушы жиналды.
Конгреске офлайн түрде 189 адам қатысты, олардың ішінде 38 шетелдік қонақ, 37 спикер, 48 клиникалық фармаколог және өзге мамандықтағы дәрігер, 51 резидент пен студент, 7 магистрант және докторант болды.
Бұл конгресс тәжірибе алмасуға, дәрілік қауіпсіздік стратегияларын талқылауға және инновацияларды клиникалық тәжірибеге енгізуге арналған маңызды ғылыми алаң ретінде бағаланды.
С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов өз құттықтау сөзінде:
«Қазіргі клиникалық фармакология жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр: полипрагмазияның өсуі, дәрілік өзара әрекеттесудің кеңеюі және жасанды интеллект дәуіріне бейімделу қажеттілігі. Клиникалық фармаколог тек ем тағайындайтын маман ғана емес, дәрілік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыратын тұлға болуы тиіс. Бүгінгі конгресс — пациенттің қауіпсіз емі үшін жауапкершіліктің жаңа кезеңіне қадам», — деп атап өтті.
Конгресте талқыланған негізгі ғылыми бағыттар:
Дербестендірілген фармакотерапия және фармакогеномиканың дамуы;
Клиникалық зерттеулерге жасанды интеллект пен Big Data технологияларын енгізу;
Полипрагмазиямен күрес және дәрілік тағайындауларды оңтайландыру;
Фармакологиялық бақылаудың жаңа буындағы жүйелерін дамыту;
Созылмалы ауруларды емдеуде мультидисциплинарлық тәсілдердің рөлін күшейту;
Халықаралық ғылыми ынтымақтастық пен клиникалық деректер алмасуды кеңейту.
Қазақстан клиникалық фармакологтарының V конгресі отандық фармакологияның дамуына жаңа серпін беріп, оның әлемдік ғылыми кеңістікпен терең ықпалдасып келе жатқанын айқын көрсетті. Бүгінгі қазақстандық клиникалық фармакологияның басты бағдары – қауіпсіздік, тиімділік және инновациялық даму.



































 
																								 
																								