Қазақстан медициналық зертханалық диагностика қауымдастығының (ҚМЗДҚ) IV Халықаралық Конгресі
Қазақстан Республикасы Қазақстан медициналық зертханалық диагностика қауымдастығының (ҚМЗДҚ) IV Халықаралық Конгресі
Заманауи зертханалық медицина: зертханалық талдаудың инновациялық технологиялары және оларды Қазақстанда клиникалық қолданудың жаңа мүмкіндіктері
2016 жылдың 4-5 наурызы
Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасының конференц-залы, 4-қабат
Қазақстан Республикасы Қазақстан медициналық зертханалық диагностика қауымдастығының кезекті IV Халықаралық Конгресі бірінші рет Қазақстан Республикасының ең көне, жетекші жоғары оқу орны – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің белсенді түрде қатысуымен, Ресей медициналық зертханалық диагностика қауымдастығымен, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетімен, шетелдік ұйымдармен және жетекші мамандармен бірлесіп өткізілгелі отыр. Осындай іс-шаралар ҚМЗДҚ-мен 5 жыл бойы үнемі өткізіліп келеді және ҚР-ның заманауи зертханалық медицинасының өзекті мәселелерін талқылауға арналған бірегей алаң болып табылады. Сонымен қатар, бұл еліміздің әртүрлі өңірлері мен шет елдерден келген биомедицина, зертханалық диагностика саласындағы мамандар, ғылыми қызметкерлер үшін кездесудің, тәжірибе алмасудың, жаңа инновациялық технологияларды қолдану туралы білудің керемет мүмкіндігі. Ұлттық университеттердің жетекші ғалымдарының қатысуымен ғылым дамуының және халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа формациядағы зертханалық биомедицина мамандарын даярлаудың жаңа парадигмалары Қазақстан Республикасында биомедицинаның әрі қарай дамуына түрткі болады.
Конгрестің аясында дөңгелек үстелде заманауи зертханалық диагностиканың өзекті мәселелерін, медициналық зертхана қызметкерлерін дипломдық және постдипломдық даярлауға арналған кәсіптік және білім беру стандарттарын талқылау жоспарланып отыр. Пікірталасқа Ресей, АҚШ, Франция, Қазақстанның кәсіптік білім беру саласындағы жетекші мамандары қатысады. NAZARBAYEV UNIVERSITY, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттерінің декандары мен ДСӘДМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы департаменттерінің директорлары, сондай-ақ IN VIVO, IN VITRO және HEALTHCITY ірі жеке клиникалық-диагностикалық зертханалардың тәуелсіз желілерінің өкілдері осы салада қызметкерлерді даярлаудағы өз тәжірибесімен бөліседі.
Біз Конгрестің жұмысы жемісті, барлық қатысушылар үшін пайдалы болады және келешек мамандарды кәсіптік даярлау саласындағы жиналып қалған мәселелерді шешу және сұрақтарға жауап беру жолдарын табуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
+7 776 250 05 57
Мадина Сапарбаева