Қазақстан Республикасы, Медициналық зертханалық диагностика Қазақстан Ассоциациясы IV Халықаралық Конгрессі
Қазақстан Республикасы, Медициналық зертханалық диагностика Қазақстан Ассоциациясы IV Халықаралық Конгрессінің
4-5 наурыз 2016 ж
Алматы қаласы, Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ Конференц-зал Кітапханасы, 4 қабат
Қазақстан Республикасының көне жетекші жоғарғы оқу орны Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің алғаш рет белсенді қатысуымен, Ресей медициналық зертханалық диагностика Ассоциациясы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің, шет ел ұйымдарымен және жетекші мамандармен бірігіп, Қазақстан Медициналық зертханалық диагностика Ассоциациясы IV Халықаралық кезекті Конгрессі өткізіледі.
ҚМЗДА мұндай шараларды соңғы 5 жылда жиі өткізуде және ҚР заманауи зертханалық медицинасының өзекті сұрақтарын талқылауға мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар бұл мамандарға, биомедицина саласында және еліміздің әр түрлі аймағында зертханалық диагностика бойынша, және шет ел мамандарымен тәжірибемен алмасып, жаңа инновациялық технологияны білу туралы ғылыми қызметкерлерге өте жақсы мүмкіндік болып отыр. Ғылымның дамуында жаңа парадигмалар және зертханалық биомедицина мамандарын дайындауда халықаралық стандарт негізінде жетекші ұлттық университеттер қатысуымен Қазақстан Республикасының биомедицинасының ары қарай дамуына позитивті ықпал беріп отыр.
Конгресс шеңберінде өтетін дөңгелек үстелде медициналық зертхана дипломдық және пост дипломдық деңгейде қызметкерлерін дайындауда заманауи зертханалық диагностика білім және маман стандарттарының өзекті мәселелері талқыланады. Талқылауға Қазақстан, Франция, АҚШ, Ресей елдерінен кәсіби білім облыстарында жұмыс атқаратын жетекші мамандар қатысады. Сонымен қатар бұл талқылауға өтілімі жоғары факультет декандары және NAZARBAYEV UNIVERSITY, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ департамент директорлері қатысады, сонымен бірге ДСӘДМ денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығының және IN VIVO, IN VITRO және HEALTHCITY сияқты ірі, жеке тәуелсіз клиникалық диагностикалық зертханаларының мамандары да қатысады.
Біз Конгресстің жұмысы барлық қатысушыларға пайдалы болып, көптеген мәселелердің шешу жолдарын тауып, болашақ мамандарды кәсіби дайындау облысындағы сұрақтарға жауаптар қарастырылып,нәтижелі, жемісті болатынына сенеміз.