Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 682 қаулысымен «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ 2024-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 682 қаулысымен «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ 2024-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы (бұдан әрі – Даму бағдарламасы) бекітілді.
Даму бағдарламасы Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңының 3-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Айта кетерлік жай, Университет 2019 жылы зерттеу университеті мәртебесіне ие болған.
Бұл Даму бағдарламасы тек университетте ғана емес, сонымен қатар еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде де ғылыми әлеуетті одан әрі дамыту үшін жағдай жасайды: университеттің QS WUR әлемдік рейтингіндегі позициясы сақталады; «ҚазҰМУ» КеАҚ ғылыми-зерттеу қызметі және халықаралық академиялық және ғылыми қоғамдастыққа ғылым, білім, клиника және басқару (менеджмент) бағыттары бойынша интеграциялануы күшейеді.
Тиімді басқару және орнықты даму жөніндегі міндеттерді табысты шешудің шарты «ҚазҰМУ» КеАҚ және оның қызметінің жекелеген бағыттарын: стратегиялық жоспарлау, даму процестерін басқарудың жобалық әдісін енгізу, бизнес-процестерді реинжинирингтеу, қаржыландыру көздерін әртараптандыру, оның ішінде эндаумент-қорды құру және дамыту, бизнес-процестерді құруда цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану, серіктес ұйымдардың зияткерлік, кадрлық және инфрақұрылымдық ресурстарын тарту, бенчмаркинг, брендті позициялау және дамыту, имиджін нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту негізінде түбегейлі трансформациялау болып табылады.