«Қазақтың батыр қызы – Мәншүк Мәметова» атты тәрбиелік шара өтті
2025 жылдың 24 сәуір күні ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасында «Қазақтың батыр қызы – Мәншүк Мәметова» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Бұл шараның мақсаты – студенттерге Мәншүк Мәметованың ерлігі мен өмір жолы туралы мағлұмат беру, Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы аясында патриоттық тәрбие беру, елге деген сүйіспеншілік пен батырлар ерлігіне құрмет сезімін қалыптастыру болды. Шараны АИТВ инфекциясы және инфекциялық бақылау курсы бар эпидемиология және Қоғамдық денсаулық сақтау кафедраларының профессорлық-оқытушылар құрамы: Бейсенбинова Ж.Б., Алекешева Ж., Темірбаева Л.Ж. Бегимбетова Г.А., Мусина М.С., ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының анықтама-библиографиялық бөлім меңгерушісі С.А. Елеукенова жіне Омарова Н.С. және Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 2 курс студенттері ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттерге Мәншүк Мәметованың өмірбаяны, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі туралы деректер ұсынылды. Батыр қыздың майдандағы ерлігі жайлы видеоматериалдар көрсетілді. Студенттер Мәншүктің батырлық бейнесіне арналған өлеңдер оқып, көркем сөздермен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар арасында шағын пікірталас ұйымдастырылып, Мәншүк Мәметованың бүгінгі ұрпаққа қалдырған өнегесі мен рухани мұрасы туралы ойлар ортаға салынды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттерге патриоттық рух беріп, тәрбиелік мәні зор әсер қалдырды. Қатысушылар Мәншүк Мәметова тұлғасы арқылы отансүйгіштік, ерлік, батырлық сияқты қасиеттердің маңызын терең түсінді.
Жүргізушілер Ұлы Жеңіс күнінің тарихи маңызына тоқталып, Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлігін ерекше атап өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Сахналық қойылым барысында Мәншүк Мәметованың монологы оқылып, өлең мен күй орындалды. ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының анықтама-библиографиялық бөлім меңгерушісі С.А. Елеукенова Мәншүк Мәметова туралы ұйымдастырылған кітап көрмесін таныстырып, студенттерге Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған кештің мақсаты – батыр бейнесі арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру, елге, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және батырларымыздың ерлігін ұрпақ жадында мәңгі қалдыру екенін атап өтті. Кеш соңында жүргізушілер іс-шараның маңыздылығын ерекше атап өтіп, Мәншүктей батыр қыздардың ерлігі – ұлт рухының символы екенін жеткізді. Қатысушылар «Атамекен» әнін бірігіп орындады. Қорытынды сөзді кафедраның қауымдастырылған профессоры Алекешева Ляйля Жулдасовна сөйледі. Іс-шара соңында қатысушылар Мәншүк
Мәметова ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар Мәншүк Мәметованың ерлігі арқылы рухани құндылықтарды терең түсініп, патриоттық сезімдерін нығайтты.