Қазақтың біртуар тұлғасы С.Ж.Асфендияровты еске алу күні
Ағымдағы 2020 жылдың 20 қазан күні, қазақ елінің болашағы үшін күрескен біртуар тұлға С.Ж.Асфендияровтың туған күніне орай, жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша еске алу іс-шарасы өтті. Биылғы жылы Санжар Жағыпарұлының туылғанына 131 жыл толып отыр. Аталған іс-шара Жастар саяаты басқармасы, әскери кафедрасының ұйымдастыруымен ректорат ғимаратында орналасқан С.Ж.Асфендияровтың бюсті ескерткіші алдында өтті.
Іс-шара ескерткіш алдына гүл себетін қоюдан басталды. Жиынға университет әкімшілігі, мектеп декандары, оқытушылар және университетте өткізілетін іс-шаралардың барлығына материалдық жағынан қолдау көрсетіп, демеушілік көрсететін ҚазҰМУ жергілікті жұмысшылар кәсіподағының қызметкерлері қатысты. Жиында Корпоративтік даму жөніндегі проректор У.М.Датхаев алғы сөз сөйлеп, жиынды ашып берді. Проректор оқу-орнымызда өткен күннің тарихына құрмет көрсетіп, танымал тұлғаларды еске алу іс-шараларының үнемі дәстүрлі түрде өткізіліп отыратындығын және тарихымызды сараптап отыру жастарға тәрбие беруде, ұрпақ сабақтастығын жалғастыруда үлкен орын алатынын айтып өтті. Университетіміздің тарихын жинақтауда өзінің қызметкерлерімен бірге үлкен жұмыстар атқарып жатқан мұражай басшысы А.С.Сапарова тарихшы – ғалымның өміріндегі негізгі оқиғаларға қысқаша тоқталып өтті. Сонымен қатар, тарихшылар атынан Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Ғ.Мәлік сөз сөйледі.
Ойымызды аяқтай келе, еліміздің жарқын болашағы үшін күрескен, өздерінің бар күш жігерлерін, өмірлерін сарп сарп еткен азаматтарымызды, алаш зиялыларын еске алып, құрмет көрсету, ел үшін жасап кеткен еңбектерін айтып отыру біздің парызымыз, ұрпақ сабақтастығын жалғастыу болып табылады.
Жастар саясаты басқармасы