Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру бастамасын қолдау
ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру бастамасын қолдау мақсатында Тәрбие жұмысы және білім алушыларды әлеуметтік қолдау бөлімі, халықаралық медицина факультеті және тілдік пәндер кафедрасы «Латын әліпбиі – жастар болашағы» атты апталық өткізіп жатыр. Апталық барысында:
1.Студенттер латын әліпбиімен диктант жазады.
- Студенттер қазақтың танымал ақын-жазушыларының кирилл әліпбиімен жазылған өлеңдері мен шығармаларынан шағын үзінділерді латын әліпбиімен жазады.
- Қазақ тілі мен қазақ жазуы бойынша викториналық сұрақтарға жауап беруден және қазақтың танымал ақындарының өлеңдерінің латын әліпбиімен жазылған нұсқасын мәнерлеп оқудан факультеттер мен мектептер арасында командалық жарыс өтеді.
19.02.2019 жылы студенттер М.Әезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясынан алынған шағын үзінді бойынша диктант жазды. Диктанттың мақсаты – болашақ латын әліпбиімен жазуға дағдылану және бұл әліпбимен жазудың қандай қиыншылықтары бар екенін анықтау, соған байланысты ұсыныс-пікірлер айту.
Апталық барысында тілдік пәндер кафедраларының оқытушылары өздері сабақ беретін топтарға кирилл әліпбиінде жазылған шағын ғана мәтінді латын әрпімен жаздыру арқылы олардың болашақ әліпбиіге тез дағдыланып кетуіне алғышарттар жасайды.
Викториналық сұрақтарға жауап беру мен латын әліпбиінде жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқудан болатын жарыс осы апталықты қорытындылайды. Ал 28.02.2019 жылы Алматы қаласындағы медициналық ЖОО-лар мен колледж студенттері мен оқытушыларының қатысуымен өтетін дөңгелек үстелде медициналық терминдерді латын әліпбиімен жазу және медицина ғылымының қазақ тілінде дамуына латын әліпбиінің ықпалы туралы мәселелер кеңінен сөз болмақ.