Қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, қазақ жазуының реформаторы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – А.Байтұрсынұлын еске алуға және қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі бойынша өткізілген «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының мәселесі» атты зияткерлік пікірсайыстың
Есебі
30.09.2023ж. сағат 10.00 – 12.00 аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Профессор «Ю» атындағы дәрісханада С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері арасында Қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы тұлға, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, қазақ жазуының реформаторы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – А.Байтұрсынұлын еске алуға және қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі бойынша «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының мәселесі» атты мектепаралық зияткерлік ойын пікірсайысы (дебат) өтті.
Мектепаралық зияткерлік ойын пікірсайысын С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Тәрбие бөлімі, Халықаралық Факультеті, Тілдік пәндер кафедрасы ұйымдастырды.
Жауаптылар: Тәрбие бөлімі басшысы Байғараев Жасұлан Әбдімүтәліпұлы, Халықаралық Факультеті деканы Джардемалиева Нуржамал Женысовна, ф.ғ.к. кафедра меңгерушісі А.Т.Бақтыбаева, кафедра доценттері Т.Қ.Зайсанбаев, Ф.Б.Қожахметова және лекторы Р.Т.Абдуллаева
Кешті тәрбие бөлімінің басшысы – Байғараев Жасұлан Әбдімүтәліпұлы ашты, сөз сөйледі, студенттерге сәттілік тіледі.
Зияткерлік пікірсайыстың әділ-қазылары:
- Тәрбие бөлімінің басшысы – Байғараев Жасұлан Әбдімүтәліпұлы,
- Тілдік пәндер кафедрасының лекторы – Қуанышбаева Шілдегүл Сыдыққызы,
- Қазақстан тарихы және Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистенті Миажден Сайра Әділбекқызы болды.
Дебаттың уақыт төрешісі (таймкипер): Байканова Назгүл Кабиевна
Зияткерлік ойын-пікірсайысқа С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Халықаралық медицина» факультетінің студенттері – «АЛАШ» пікір-сайыс клубы, «Медицина» мектебінің суденттері – «РУХ» пікір-сайыс клубы, «Стоматология» мектебінің суденттері – «Маса» пікір-сайыс клубы, сонымен қатар Х.Досмұхамедұлы атындағы Қоғамдық денсаулық мектебі, «Менеджмент» факультетінің «КӨСЕМСӨЗ» пікір-сайыс клубы қатысты.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды.
Бірінші кезеңде командалар А.Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы дайындап келген видео-слайдтарын қорғады.
Екінші кезеңде командалар Ахмет Байтұрсынұлының қайраткерлігіне жəне ұлт ардақтысының халқы үшін жасаған еңбектеріне арналған, алты ұяшықтан тұратын деңгейлік викториналық сұрақтарға жауап берді.
Үшінші кезеңде «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының мәселесі» тақырыбындағы пікірталаста командалар латын әліпбиіне көшу мәселесі, А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне негіздеген араб әліпбиін қолданғаны туралы мәселесі, әліпби ауыстырудың тиімді жақтары мен қиыншылықтары туралы айтылды. Пікірталаста кирилл әліпбиінде қала беру тиімді ме, әлде латын әліпбиіне ауысу қажет пе, латынға көшудің қандай пайдалы жақтары бар, қандай қиындықтар кездеседі – осы сияқты мәселелер сөз болды.
Видеослайдтарды қорғау кезінде «Медицина» мектебінің суденті «Рух» командасының мүшесі – Насыр Назерке Парасатқызы, «Халықаралық медицина» факультетінің студенті «АЛАШ» пікір-сайыс клубының мүшесі – Кунратбаева Казына және «Стоматология» мектебінің суденті «Маса» пікір-сайыс клубының студенті – Карибекова Ақерке, Қоғамдық денсаулық мектебі, «Менеджмент» факультетінің «КӨСЕМСӨЗ» пікір-сайыс клубының студенті – Мұрат Айдана Ерболқызы қазақ тілін жоғары деңгейде меңгергендерін паш етті.
Ал пікірсайыстың үздік спикерлері атанған «АЛАШ» командасының лидері – Төлеген Арман мен «РУХ» пікірсайыс клубының лидері – Макатай Дінмұхамед Мадибекұлы, «Стоматология» мектебінің суденті «Маса» пікір-сайыс клубының спикері – Есенбек Асыл, «Менеджмент» факультетінің «КӨСЕМСӨЗ» пікір-сайыс клубының спикері – Парахатқызы Мерей өздерінің сөзге шешендіктерімен, ойларының нақтылығымен, көпшілік алдында өздерін еркін ұстауларымен көрермен көпшіліктің көңілдерінен шықты.
Қызықты да тартысты өткен зияткерлік ойын-пікірталаста бас жүлдені «АЛАШ» командасы олжаласа, 1-орын «РУХ», 2-орын «КӨСЕМСӨЗ», 3-орынды «МАСА» командалары бөлісті. Тәрбие бөлімінің басшысы – Байғараев Жасұлан Әбдімүтәліпұлы командалардың жүлделерін табыстап, қорытынды сөз сөйледі.
А.Байтұрсынұлының Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз – Тәуелсіз ел тұғырының биік болуы үшін жан аямай еңбек еткен Ахмет Байтұрсынұлы сынды біртуар азаматтардың рухын еске алып, есімін қастерлеу, «Халқы үшін қызмет еткен дара тұлға» деп ұлықтау бәрімізге ортақ парыз болуға тиісті. Халқын өркениетті, дамыған елдер қатарына қосамын деп ғылымның әр саласына қалам тартқан жан-жақты дарын иесі және елінің бостандығы үшін күресте жанын қиған А.Байтұрсынұлы сияқты дара тұлғаны осылайша ардақтап жатуымыз тәуелсіздігіміздің, елдігіміздің белгісі деп мақтанышпен айта аламыз. А.Байтұрсынұлына арналып өткізілген бұл
іс-шаралар еліміздің болашағы жарқын екенін көрсетеді.