Қазақ ұлттық медицина университетінде Вячеслав Локшин ЭКҰ барысында көпұрықтылық қаупі туралы дәріс өткізді
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ҚР ҰҒА академигі Вячеслав Локшиннің «Көмекші репродуктивті технологиялардың адами және этикалық аспектілері» тақырыбында дәрісі өтуде.
Спикер медициналық этика саласын мейілінше толық қамтып, дәрігерлер мен ғалымдар қызметінің рұқсат етілген және жол берілмейтін аспектілері туралы мамандардың көзқарастарының дамуын айтып өтті. Дәріс аясында мамандардың адам зерттеулері тақырыбындағы перспективалары, әлемде репродуктивті медицинаны дамытудың басымдықтары ұсынылды.
Ел тұрғындарының репродуктивті денсаулығы мен бедеулігі, көмекші репродуктивті технологиялардың қолжетімділігі мәселелері өзекті болып отыр. Қазақстанда бедеулік көрсеткіші халықтың 15 пайызына жетеді. Мұндай көрсеткіш, ДДҰ мәліметтері бойынша демографиялық саясат үшін дабыл болып табылады, яғни бұл мәселе мемлекеттік деңгейде шешілуі қажет. Бедеулікке байланысты отбасылар бұзылуда, жалпы қоғам үшін өзекті демографиялық проблемалар туындайды. Бедеулік көбінесе көмекке кеш жүгіну себептерінен пайда болады, бұл уақтылы диагноз қою қажеттілігін айқын көрсетеді.
«Репродуктивті медицинаның алтын стандарты – сәби сүймеген ерлі-зайыптыларға олардың ұрпақты болу мәселелерінің ең жақсы шешімін қамтамасыз ету, сонымен қатар олардың қажетсіз тәуекелге және тиімсіз емдеуге ұшырамауын қамтамасыз ету. Көмекші репродуктивті технологиялар саласында бұл мәселелер өте маңызды. Шамадан тыс диагностика, артық емдеудің бір арнайы межесі, белгіленген уақыты болу қажет.
ЭКҰ егіз немесе үшем дегенді білдіреді дейді. Көптеген клиникалар мұны қолдайды. Бірақ барлығы көптеген Еуропа елдерінде бір эмбрионды тасымалдау «Алтын стандарт» болып табылатынын біледі. 50-60 пайыз жағдайларда көпұрықтылық кезіндегі бір шала туылған нәрестені өсіру үшін 2-3 ЭКҰ бағдарламасына қарағанда әлдеқайда көп қаржы қажет етеді. Егер бала сырқат болса ше? Мен әріптестеріме егер сіздер әуежайға келсеңіздер және ұшақтарыңыз 20 пайызға ұшпайтын білсеңіздер, бұл ұшаққа отырмайсыздар ғой деп айтамын. Бұл мысалға алғыс білдіреді, бұлай науқастарға да түсінікті», – деп пайымдады Локшин.
Ол рандомизацияланған клиникалық зерттеулерді, жүйелі шолуды қажет ететін дәлелді медицинаға көбірек көңіл бөлу, яғни зерттеулердің байыпты талдануын, зерттеулерді реттеуді және жақсы сараптаманы қамтамасыз ету мәселелерін алға тартты.
«Этикада автономияны құрметтеу, мейірімділік, зиян тигізбеу, әділеттілік қағидалары қашанда мызғымас күйінде қалады. Дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы бұл өткен ғасырдағыдай бақылау ғана емес, бұл өзара серіктестік. Науқастың денсаулығы мен әл-ауқаты дәрігер екеуінің бірлескен күш-жігеріне байланысты болмақ. Жаңа медициналық этикада науқас қалпына келтіру үрдісінің белсенді қатысушысына айналады. Жаңа технологиялар сенімді қарым-қатынастармен біріктіріліп, науқастың қанағаттанушылығын арттырады», – деп атап өтті Локшин.
Сондай-ақ ол жақсы дәрігерге тән белгілерді атады. Олардың ішінде қайта емдеу мен көрсетілген көмектің нәтижелілігі де бар. Сондай-ақ, В. Локшин интернеттің медициналық көмектің болашағына әсерін ескеруге шақырды.
«Медициналық көмектің болашағы – дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынасын сақтау. Сіздер науқаспен сөйлесіп, оңтайлы шешімдер таба білулеріңіз қажет. Қазіргі адамдардың әлеуметтік желілерге сенетінін түсінуіміз қажет. Бүгінгі таңда дәрігер – бұл жоғары сенім, науқас көп нәрсені біледі, бірақ бізге сенеді. Дәрігерлер эмоционалды және психологиялық қолдау көрсетеді. Егер сіз науқастарыңызға психолог бола алмасаңыз, бұл салаға бармағаныңыз жөн. Бүгінгі күні тек дәрі-дәрмек тағайындау және ота жасау жасау жеткіліксіз. Бұл өзара қарым-қатынас денсаулық сақтаудың негізі болып табылады. Науқастар үміт артады және дәрігер ол үміттерді ақтай алуы керек. Науқас емге жарамаса да, дәрігер оның өмірін ұзарта алады», – деді Локшин.
Профессор атап өткендей, дәрігердің міндеті, тәуекелдерді бағалау. ЭКҰ саласында олар ананың жасы, алдыңғы босану, қатар жүретін патологиялар, экономикалық және психологиялық мәселелер.
«Біз науқасқа тәуекелдер тұрғысынан, оң және теріс жақтарын түсіндіруіміз қажет. Ең дұрыс шешімдерді бірге қабылдауымыз қажет», – деп түсіндіреді маман.
Медицинадағы жасанды интеллект тақырыбы бөлек талқыланды. Қазірдің өзінде дәрігерге қарағанда рентгенография мен КТ жақсы бақылау жасайды, оның көмегімен сапалы эмбрионды таңдауға мүмкіндік береді. Дегенмен дәрігер түпкілікті шешімді қабылдайды және оған жауап береді. Жасанды интеллект когнитивті-эмоционалды кеңістікті босатады, медицинаның назарын тек техникалықтан жекелендірілген тәсілдерге ауыстырады.
«Біздің міндетіміз – науқасқа толық ақпарат беру және олар үшін ең қолайлы жағдайларды табу», – деді Локшин.
Тағы бір мәселе – кеш босану. Қазір балалы болу туралы шешім 40-45 жаста қабылданады.
«Біз мұны түсінуіміз қажет. ЭКҰ-ның көмегімен 70 жаста да жүкті болуға болады. Бұл қажет пе? Біздің елде бұл мәселені әлі ешкім көтерген жоқ. Германия мен Австрияда жас шектеуі 49 жас деп белгіленген. Швецияда 55, Финляндияда 60. Ұлыбританияда 40 жасқа дейінгі әйелдерге арналған 3 ЭКҰ циклі және 40-42 жасқа дейінгі әйелдер үшін бір ғана цикл бар. Британдықтар ЭКҰ-ға қол жеткізу жасын шектеуді ұсынады, тіпті семіздікке шалдыққан науқастарға ЭКҰ-ға қол жеткізуді шектеу жақсы деп санайды. Бұл сұрақ әрқашан этикалық тұрғыда қарастырылады. Біздің клиникада эмбриондарды 52 жасқа дейін тасымалдайды. Кейбіреулер 50 – ге, кейбіреулері 55 жасқа барады. Бірақ бұл орайда ақылға қонымды тәртіпте уақытты ұстануымыз қажет. Бұл балаларға кім қамқорлық жасайды? Бұл маңызды мәселе», – деді профессор.
Іс-шара барысында ортаға салынған тағы бір мәселе – донорлық. Аналық безді пункциялау кезінде асқынулар болуы мүмкін, бағдарламалар санына шектеулер бар. Баланың ата-анасы кім болады? Мүмкін донор ата-ана болғысы келеді.
«Мұны әр науқас өзі шешеді. Қазақстанда донорлыққа рұқсат етіледі, ол босанған әйел болуы тиіс. Ерлі-зайыптыларға донорды білуге тыйым салынады. Дәрігер жергілікті заңдарды сақтауы қажет. Бүгінде көптеген адамдар донорлардың жасырын болуына қарсылық білдіруде. Өтемақы мәселелері бар, бізде ол реттелмеген, бірақ ол да этикадан шығады», – деді Локшин.
Дәрісте эмбрионды әртүрлі ауруларға зерттеу перспективасы да айтылды. Мәселен, Сингапурда эмбрионды зерттеуге тыйым салынады. Америка Құрама Штаттарында баланың хромосомалық ауытқулары болған кезде жүктілік тоқтатылмайды. Қазақстанда зерттеулер жасалады, эмбриондар жатырға хромосомалық ауруларсыз ғана тасымалданады. Бірақ Қазақстанда жынысты таңдауға мүмкіндік жоқ.
«Ал кейбір елдерде отбасында бір жыныстағы 2-3 бала болса, жынысты таңдауға рұқсат етілген. Бұл да этика мәселелері. Отбасына түсіністікпен қарауға болады – олардың 3 ұлы немесе 3 қызы бар және олар басқа жыныстағы баланы қалауы мүмкін, – деп түсіндірді В.Локшин.
Дәрісте үш ата-ананың баласы тақырыбы да талқыланды.
«Аналық ұрықтың ядросын жас донор әйелдің жасушасына тасымалдау технологиясы ұрықтандыруға мүмкіндік береді. Баланың генетикалық сараптамасы оның үш ата-анасы бар екенін көрсетеді. Әлемде мұндай балалар көп – бұл қаншалықты адами тұрғыдан дұрыс?»,- деді маман.
Сондай-ақ, дәрісте медицинаны коммерцияландыру, дәрігерлердің дәрі-дәрмектерді тағайындауының негізділігі, медицинаның қымбат әдістерін қолдану және оның негізсіз уәделері талқыланды.
Локшин медицина қауымдастығын жарнамадан сақ болуға және негізсіз орындалмайтын уәделер бермеуге шақырды. Ол дәрігерлер әрдайым науқастардың қауіпсіздігін есте сақтауы, процедураның өзін жүргізу қажеттілігі бар-жоғын тексеру, науқастарға ескерту, этикалық нормаларды ескеру және мүдделер қақтығысын болдырмау қажеттілігін атап өтті.
Қазақстанда репродуктивті медицина жетекші орынға ие. Біздің азаматтарға шетелдік мамандарға жүгінудің қажеті жоқ. 2 жыл аралығында «АҢСАҒАН СӘБИ» президенттік бағдарламасы аясында 14 000 жуық ЭКҰ циклі өткізілді, 2021 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген циклдер санының 35 пайызы немесе 2 500 жуық бала дүниеге келді. Еуропада, Еуропалық тіркелімнің мәліметтері бойынша бұл көрсеткіш 28% аспайды.
Ал 26 жыл ішінде Қазақстанда КРТ көмегімен 30 000 жуық бала туылған. Бұл бұрын сәби сүйе алмаған 30 мыңдай бақытты науқас.
Локшин Вячеслав Натанович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Халықаралық репродуктология академиясының ректоры, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті.
Денсаулық сақтау саласында жалпы жұмыс өтілі – 40 жыл. 236 жарияланған жұмыстардың, оның ішінде 5 әдістемелік нұсқаулықтың, 5 рационализаторлық ұсыныстың, өнертабысқа берілген 7 патенттің, 6 монографияның авторы. Медицина ғылымдарының 4 кандидатын және 1 докторын даярлады, Қазақстанда репродуктивті медицина саласында жұмыс істейтін тәжірбиелік дәрігерлердің мектебін құрды. Репродуктивті медицина саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысты.
Алматы қаласының МДСМ алқасының мүшесі (2015 жылдан бастап), ҚР ДСМ Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Бақылау Кеңесінің мүшесі, Акушерия, гинекология және перинатология Ғылыми орталығының Бақылау кеңесінің мүшесі болып табылады.
ҚР ДСМ бірнеше Грамоталарымен, «Алтын дәрігер» белгісімен, «Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медальдарымен, «Құрмет» орденімен (2018), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2013), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Алматы қаласы әкімінің грамотасымен марапатталған.